• 27 Сентябрь 2022

Қарашаш ана


Оңтүстік өлкесінің Сайрам өңірі медреселерге, көне сәулет өнерінің үлгі ғимараттарына өте бай болуымен құнды. Олардың көбі бізге жетпей, жартылай қираған, қабырғаларының сұлбасы қалған. Соның өзінде бізге алты кесене, мешіт өз қалпында сақталып жетті. Осылардың ішінде айрықша өзіндік айшықталу ерекшеліктерін, сәулеттік көркемдігін бұзбай жеткені Қарашаш ананың кесенесі. Сайрамдағы әулиелер мен қасиетті мазарлардың тыныс-тіршілігі жөнінде парсы тілінде сол замандарда-ақ көп жазылған. Солардың алдыңғы қатарында Қарашаш ана кесенесі де сөз болады. Белгілі қолбасы, дін уағыздаушысы Ысқақ баптың ұрпағы саналатын Сайрамдағы белгілі шайық Мұсаның қызының аты – Айша Хұштаж бибі болған.ХІ ғасырдың басында ол Ибраһим шайыққа ерленген. Олар екеуі де өте оқымысты,діншіл еді. Ислам дінінің негіздерін, Құранды жатқа біліп, оны жұрт арасында тарата білген. Олардың екі баласы – Ахмет және Садыр шайық болыпты.Үлкен құрмет белгісі ретінде ертеректе қадірлі кісілерді халық «тақсыр»,«хазірет», «мама», «бибі», «ұстаз», «дамолла», «ел анасы» деп атаған.Айшаны да жұрт құрметтеп, «Қарашаш ана» деп атап кеткен. Қарашаш ананың үлкен ұлы 9 жасқа толғанда, күйеуі Ибраһим ата қайтыс болады. Күн көрістің қамын күйттеген отбасы көп ұзамай Айшаның ағалары Латиф ата мен Мұстафақұл тұратын шаһарға көшеді.Жасынан зерек Садыр Шайық пен Қожа Ахмет ислам әлемінен ойып өз орнын тапқан жандар.

Алдыңғы ақпарат

Әмір Темірдің Әзірет Сұлтанға құрметі

Келесі ақпарат

Ясауидің түп атасы – Ысқақ бап