«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ — ҰЛТ ҰСТАЗЫ»

Бүгін, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінде «А.Байтұрсынов — ұлт ұстазы» және «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» атты қос көрме ұйымдастырды. Көрме «Ахмет Байтұрсынов –ұлтымыздың ұлы ұстазы» тақырыбында өткен оқушылардың облыстық ғылыми жобалар байқауы аясында ұйымдастырылды. Байқауға Түркістан облысының барлық аудандарынан жеңімпаз атанған өрендер қатысуда. Көрмеде А.Байтұрсыновтың артында қалған бай мұрасы және қуғын – сүргінге ұшыраған А.Байтұрсыновтың үзеңгілес қызметестері, Алаш арыстары туралы мәліметтер мен деректер келушілерге таныстырылып, насихатталды.

Алдыңғы ақпарат

Ораңғай мыс ақшалар көмбесі (XVI ғ. басы- XVII ғғ.)

Келесі ақпарат

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ