АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2022 жылдың 24 ақпан күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК жанындағы Ақылдастар алқасының №1 отырысы болып өтті. Ақылдастар алқасы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» жанындағы қоғамдық кеңес рөлін атқарады және музей-қорықтың қоғаммен байланыс жұмыстарын ілгерлетуді көздейді. Сонымен бірге, Ақылдастар алқасы жас жеткіншектерді ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін, елжандылық, отаншылдық сынды патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында қала мектептері мен орта арнаулы жоғары оқу орындарында Түркістанның тарихын оның түркі халықтары үшін алар орнын, Қожа Ахмет Ясауидің мұраларын насихаттау мақсатында кездесулер, лекциялар ұйымдастыруға қатысу туралы шешімдер қабылдайды. Алқа құрамына зиялы қауым өкілдері (оның ішінде ғалымдар, қоғамдық ұйым төрағалары, баспасөз қызметінің өкілдері, депутаттар т.б. ) кірді.

Ақылдастар алқасының төрағасы болып «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директорының у.м.а. Тәжібаев Ерсін, хатшысы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы Байболов Берік тағайындалды. М.Тастанбеков – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары, Ж.Мәуленқұлов — «Ардагерлер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Ж.Құлбайымбетов — «Ардагерлер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан қаласының төрағасы, Н.Назаров – Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ш.Исмолдаев – Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», Ғ. Сәрсенбаев — Мәслихат депутаты, Х.Тұрсұн – Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Б.Сердәлі — Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, сазгер, Д.Кенжетай — Философия және теология ғылымдарының докторы, профессор, Б.Адырбекова — Тарих ғылымдарының кандидаты, Н.Қошанова — Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Н.Мансұров — «Ясауитану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Р.Қошқаров — Өзбек этномәдени орталығының төраға орынбасары, Ш.Мадалимов — «Жанубии Қазағистон» газетінің меншікті тілшісі, Т.Бейсен – «Turkestan Media Holding» ЖШС басқарушы директоры, Республикалық «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі бірауыздан дауыс беру арқылы мүшелікке қабылданды.

Отырыстың күн тәртібінде 5 (бес) мәселе қарастырылды.

• Ақылдастар алқасының құрамын бекіту;

• Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін музей-қорықтың аумағына орналастыру мәселесі;

• Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында фотозона орнын нақтылау;

• Сапар орталығын музей-қорықтың балансына қайтару мәселесі;

• Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 1930-1935 жж. әкетілген Құран кітаптарды музей қорына қайтару мәселесі;

• Әртүрлі мәселелер.

Отырыс барысында алқа мүшелері күн тәртібіне қойылған әрбір мәселеге жете тоқталып, пікірлерін ортаға салып, оның шешу жолдарына байланысты қаулылар қабылдады. Ақылдастар алқасының құрамы айына немесе екі айда бір рет жиналып кеңес өткізіп отыратын болды.

Алдыңғы ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУДАНДАРЫНДА «ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ ӨТТІ

Келесі ақпарат

Түркия Республикасының вице-президенті жұмыс сапарымен Түркістанға келді