Ақтоты Райымқұлова Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Наурыз мейрамымен қазақстандықтарды құттықтады.

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл ежелден шығыс халықтары үшін жаңашылдықтың, бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналады.

Расында 22 Наурыз күн мен түннің теңелетін, ақтың молаятын, бар тіршілік жаңарып, жанданатын, жылулық сыйлайтын шуақты мереке.

Тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз ырыc пен берекенің, бақ пен дəулеттің мəйегі деп бағалаған осы мерекеде баршаңызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жаңа жетістіктер тілеймін!,-деп жазылған құттықтау хатында.

Алдыңғы ақпарат

Қазақстандықтарды спортпен айналысуға шақыратын челлендж басталды

Келесі ақпарат

Қазақстандық туристердің елге оралуы мәселесіне арналған баспасөз жиыны өтті