• 29 Қыркүйек 2020

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды ҚР Мемлекеттік рəміздер күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл еліміздің егемендігі мен тұтастығын, бірлігі мен ынтымағын паш ететін қастерлі рəміздерімізді ұлықтайтын мереке.

Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Əнұран ұштағаны жер шарының əр қиырында жүрген Ұлы Дала елінің ұл-қызына мақтаныш сезімін ұялататын белгіге айналды.

Мемлекеттік рəміздеріміз осынау кең атырапты қасық қаны қалғанша қорғаған ата-бабалар арманынан, тағылымды тарихымыздан сыр шертіп қана қоймай, əлемдік қауымдастыққа Тəуелсіз Қазақстанның бейбітсүйгіш ел екенін паш етіп келеді.

Халқымыздың айбарын асқақтатып, бойына ұлтжандылық дарытатын нышандар төрімізден түспей, тұғыры биік болсын!

Ақтоты Райымқұлова
ҚР Мәдениет және спорт министрі

Алдыңғы ақпарат

Төрәлі Қыдыр — Ясауитанудағы бүгінгі негізгі мәселелер және «Дәфтәрус-сәни» ұғымы

Келесі ақпарат

Рәміздер күні құтты да берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!