Ақтоты Райымқұлова 1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова барша қазақстандықтарды 1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан Сіздерді 1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

«Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар» деген аталы сөзден аңғарғанымыздай, сәбилі отбасы лайым береке мен қуанышқа толы. Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мəн беретін қазақ халқы қызын қырдағы құралайға, ұлын мұраға теңейді. Тал бесіктен бастап өскелең ұрпақ бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, ізгілік нəрін сыйлау ата-ананың басты міндеті.

Іңгәлап, жарық дүние есігін ашқан аппақ парақтай əр бала отбасында бақытты, жолдары ашық, ойлаған арман-мақсаттарына жете берсін!»,-делінген құттықтау хатында.

Алдыңғы ақпарат

Әмір Темірдің Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салдыру себептері (видео)

Келесі ақпарат

«Қасиетті шаһар — балалар көзімен» фото көрмесі өтті