18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнін 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекітіп, 1984 жылдан бері атап өтіледі. Дәл осы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне 2003 жылы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Орта Азияда теңдесі жоқ кешенді сәулеттік ғимарат Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енгізілген. ​Музей-қорық құрамында бүгінгі таңда 99 тарихи-мәдени ескерткіш есепке алынған. Халықаралық маңызы бар 1 ескерткіш, Республикалық маңызы бар 23, Жергілікті маңызы бар 6 ескерткіш, 69 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген.​​«Мәдени мұра» бағдарламасының 2004-2006; 2007-2009; 2009-2012жж. кезеңдерінде Көне Түркістан қалашығының аумағында орналасқан Хан мешіті, Хан ордасы, Баб араб кесенесі, Мүсәллә, Тәкиә, Жеті ата, Дарбаза қақпалары және Сауран археологиялық-архитектуралық кешенінің бірқатар ескерткіштері қайта қалпына келтірілді​​Музей-қорыққа қарасты Әлқожа ата, Үкәша ата кесенесі мен құдығы, Гауһар ана, Жүсіп ата кесенелері Республикалық маңызы бар ескерткіштерінің санатына енгізілді. Сонымен қатар, Көне Түркістан қаласының 88,7 гектар тарихи аумағында 2019-2020жж. кезең-кезеңімен археологиялық қазба жұмыстары және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді.​​Қазіргі таңда музейге қарасты Сауран қалашығы, Гауһар ана, Жүсіп ата кесенелері аумағынан туристерге сапалы қызмет көрсету мақсатында сапар-орталықтарының құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстардың барлығы келер ұрпаққа рухани қазынамыз – тарихи ескерткіштерді түпнұсқа күйінде сақтауды, қорғау мен сақтаудың, насихаттаудың маңызы зор екендігін көрсетері анық.
Алдыңғы ақпарат

СИЯ САУЫТ, ХVІІІ-ХІХ ғғ.

Келесі ақпарат

Профессор Нұрлан Кенжеахмет қасиетті Түркістанға келген сапары