15 ТАМЫЗ — АРХЕОЛОГТАР КҮНІ

Бүгін, 15 тамыз — археологтар күніне орай, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологы, т.ғ.к. Марат Тұяқбаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында музей-қорық экскурсоводтары мен қорықшыларына археология ғылымының маңыздылығы жөнінде және Түркістан маңында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары туралы әңгімелеп, танымдық лекциясын өткізді. Тақырыпқа сай қойылған музей-қорық қызметкерлерінің сұрақтарына тұшымды жауап берді.
Археология — тарих ғылымының маңызды бір саласы. Оның тарихи құндылықтарымызды түгендеуде атқарар қызметі өте зор. Осы зор қызметті атқарып келе жатқан барша археологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Алдыңғы ақпарат

Сауран медресесі

Келесі ақпарат

КІТАПХАНА ҚОРЫ АСА ҚҰНДЫ КІТАПТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ