Адам бейнесі тәріздес мүсіннің бетінде қастары мен мұрыны, мұрты, ерні, құлағы мен толқын тәрізді сақалы анық бейнеленген. Жәдігердің мойнында – ромб тәрізді тұмары бар. Қолдарының саусақтары да көрсетілген. Оның оң қолы кеуде деңгейіне иіліп, қолында ұстап тұрған ыдысы да байқалады. Ал, сол қолы бүктеліп сәл қисайған қылыштың тұтқасын қысып тұр. Белдігі дөңгелек жапсырмалар түрінде белгіленсе, аяғында етігі бар.
Бейнесі өз дәуірінің тарихынан сыр шерткен құнды жәдігер Отырар қалашығынан табылған.