«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНЕ 3000-НАН АСА ГҮЛ ЕГІЛДІ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде тұрақты жүргізіліп отыратын абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары жалғасын табуда. Осы орайда, музей аумағында 3 мыңнан аса түрлі-түсті гүлдер отырғызылды.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бағбаны Әшірбек Тойғараев ағаш, гүлдерді баптап, өсіру жұмысын ерекше сүйіспеншілікпен жасайды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында тағы да түрлі әсем гүлдермен көмкеріліп жатқан бастамаға өз қуанышын жасыра алмады.
-«Жыл санап қасиетті орын келушілерге сая болар жеміс ағаштары, гүлдер көбейіп жатыр. Бұл бастамалардан барлық жастар үлгі алса деген тілегім бар. Үйретуден жалыққан емеспін. Әрбір азамат шынайы жанашырлықпен Түркістанды түлетуге атсалыса берейік»,-дейді Әшірбек Тойғараев.

Алдыңғы ақпарат

Түркістанда тұңғыш рет «Музей түні» ұйымдастырылды

Келесі ақпарат

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТАЛДЫ