«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі «Ата заң – кемелділік кепілі» атты іс-шара өткізді

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Ата заң – кемелділік кепілі» атты іс-шара өтті.

Шара аясында ұйымдастырылған көрмеге еліміздің басты заңының тарихынан сыр шертетін ғылыми-көпшілік кітаптар мен суреттер, Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтары туралы қанатты сөздері және Конституция баптарынан үзінділер қойылды.

Мәдени көпшілік басқосуға қалалық Ардагерлер Кеңесінің мүшелері мен Түркістан қаласының Құрметті азаматтары және «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қызметкерлері мен музейге келушілер қатысты.

Жиында 1924, 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары қабылданған Конституциялар жөнінде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің кіші ғылыми қызметкері Индира Жәлишева баяндама оқып, өзге де қатысушылар Ата заң туралы ой бөлісті.

Сондай-ақ, шараға арнайы келген өнерлі жастар патриоттық әндер айтып, жас көркемсөз шеберлері Қазақстан, Түркістан, Ата заң жайлы өлеңдер оқыды.

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде «Ядролық сынақ – мәңгілік жара сыздаған» фото көрмесі ашылды

Келесі ақпарат

ЕЛІМІЗДЕГІ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙЛЕРДІҢ ЭКСКУРСОВОДТАРЫНА АРНАЙЫ СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ