«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және тұлғалар жайлы деректі фильмнің түсірілімі басталды

Фильм түркі жұртының шаңырағы, рухани ілімнің бесігі — Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және осында жерленген тұлғалар мен тарихи орындар жайлы сыр шертеді.

Фильмді Түркістан облысы әкімдігі және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бірлесуімен «САҚ» киностудиясы түсіруде.

Тарихи оқиғалар мен тұлғалар жайлы кеңесші «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері — Күнсұлу Әсетова.

Фильмнің мақсаты — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын насихаттау аясында руханияттың алтын діңгегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен онда жерленген хан-батыр, игі жақсылардың мәңгілікке тыныстаған мекенінің тарихын көрсету, көрсетілімдер арқылы танымдық көзқарасты арттыру болып табылады.

Алдыңғы ақпарат

Музей қорына өткен жәдігерлер ғана ғасырлар бойы өз құндылығын жоймайды

Келесі ақпарат

XII-XIV  ғасырлардың мұрасы — «Шілдехана» ескерткіші