Құқықтық және құжаттамалық ресімдеу бөлімінің басшысы (А3-1)
Лауазымдық міндеттері:
ұйым қызметіндегі заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;
ұйым дайындаған бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, тәртібідің, стандарттар мен өзге құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ қажет болған жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысады;
қолданылып жүрген заңнаманы бұза отырып шығарылған құқықтық актілерді өзгерту немесе жою жөніндегі шаралар қолданады;
ұйымның қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, сондай-ақ ұйымның қайтарып алуына келіп түсетін актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
ұйымдағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жасауды, қолданылып жүрген заңнаманы және оны қолдану тәртібін түсіндіруді, құрылымдық бөлімшелерге наразылық жұмысы бойынша құқықтық көмек көрсетуді, сот және төрелік сот органдарына қажетті материалдар дайындауды және беруді қамтамасыз етеді;
құқықтық мәселелерді қарау кезінде ұйымның соттағы, төрелік соттағы, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы мүдделерін білдіреді, сот және төрелік сот істерін жүргізуді жүзеге асырады;
ұжымдық шарттарды, салалық келісімдерді дайындауға және жасауға, еңбек тәртібін нығайту, ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
Білуге тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
ұйым қызметі үшін маңызы бар заңнамасының негіздері;
құқықтық қызмет жөніндегі әдістемелік және өзге де материалдар;
азаматтық, қаржылық, әкімшілік құқық, салық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы;
ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің есебін жүргізу және есептілігін жасау тәртібі;
іс жүргізуді ұйымдастыруға қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
іс жүргізу жүйесі, ұйымдық-өкімдік құжаттама бірегей жүйесінің стандарттары, ұйымның құрылымы, іс жүргізуді ұйымдастыру, құжат айналымының схемалары;
істердің номенклатурасы, тұрақты және уақытша сақталатын істердің тізбесі, белгіленген есептілікті даярлау тәртібі, істерді архивке тапсыру мерзімдері және тәртібі;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі және комплаенс даярлығы бар
Есепші (С-2)
Лауазымдық мiндеттерi:
мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлiк есебiн (негізгі қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнімді сату шығындарының, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерінің есебін, өнім берушілермен және тапсырыс берушілермен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргiзу жөнiндегi жұмысты орындайды;
бухгалтерлiк есептің тиiстi учаскелерi бойынша бастапқы құжаттаманы кабылдау мен бакылауды жүзеге асырады және оларды есептік өндеуге дайындайды;
негiзгi қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлiк есеп шоттарында көрсетедi;
өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзiндiк құнына есептiк калькуляция жасайды;
шығындар мен өндірістік емес шығындардың құралу көзін анықтайды және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
бюджетке төленетін салық және мiндеттi төлемдердi, зейнетақы аударымдары мен салық туралы заңнамаға сәйкес төлемдердi және басқа да міндеттемелерді, күрделi салымдарды, жұмыскерлердің жалақысын қаржыландыруға арналған қаражатты есептеудi және аударуды жүргiзедi;
басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды есептің тиiстi бағыттары (учаскелерi) бойынша салыстырмалы және дәйекті бухгалтерлiк ақпаратпен қамтамасыз етедi;
шоттардың жұмыс жоспарын (бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын) әзiрлейдi;
есеп жүргізудің және бухгалтерлiк ақпаратты өндеу технологиясының негізгі тәсiлдерi мен әдiстерiнің мазмұнын айқындауға қатысады;
ішкi шаруашылық резервтердi анықтау, үнемдеу режимі мен құжат айналымын жетiлдiру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлiк есеп пен есептілік деректерi бойынша ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жургізуге, ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;
Бiлуге тиiс:
Қазақстан Республикасының еңбек және бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн;
мүлiктiң, мiндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлiк есебiн ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк материалдарды және есептілік жасауды;
ұйымдағы бухгалтерлiк есептің нысандары мен әдicтерiн;
шоттардың жоспары мен хат-хабарын;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы-экономикалық білім), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
Экономист(С-2)
Лауазымдық мiндеттерi:
өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және жаңа өнім түрлерiн игеруге, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану арқылы жоғары түпкілікті нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған ұйымның экономикалық қызметін жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты орындайды;
өнiмдi сату көлемiн арттыру және табыс көлемiн ұлғайту мақсатында ұйымның шаруашылық-қаржылық, өндiрiстiк және коммерциялық қызметінің жобаларын жасау үшiн бастапқы деректердi (бизнес-жоспарларды) дайындайды;
шығарылатын өнiмдi өндiру және сату, жаңа өнім түрлерiн, прогрессивті техника мен технологияны игеру үшін кажетті материалдық, еңбек және қаржы шығындары бойынша есептеулерді орындайды;
ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асырады;
өндiрiс резервтерiн анықтайды;
Бiлуге тиiс:
Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының ұйымның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерін;
ұйым кызметін жоспарлау, есепке алу және талдау жөніндегі әдістемелік материалдарды;
жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды;
ұйымның шаруашылық-қаржылық және өндірістік қызметінің перспективалы және жылдық жоспарларын әзірлеу тәртібін;
бизнес-жоспарларды әзірлеу тәртiбiн;
жоспарлы-есепке алу құжаттамасын;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық білім) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (экономикалық) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Музей педагогикасы бөлім басшысы (А 3-1)
Лауазымдық міндеттері:
филиалдың экспозициялық-көрмелік, насихаттау, әдістемелік қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
музей қорларының толықтырылуын ұйымдастырады;
музей, музей-қорық қорларындағы музей заттарының сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз етеді;
музей, музей-қорық экспозицияларын музейлік маңызы бар түпнұсқа заттармен толықтырылуын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; музей, музей-қорықтың қор, экспозициялық, насихат, зерттеу, әдістемелік жұмыстарының негізгі бағыттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (экология) және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Музей әдіскері (С-2)
Лауазымдықміндеттері. Қорколлекцияларымен музейдің ғылымиқызметініңбағыттарынегізіндемұражай-білім беру қызметінің әдістемелерінәзірлейді.Балаларменжасөспірімдердеәлемдіэстетикалыққабылдау,тарихиойлау,эмоционалдықабылдаудағдыларынқалыптастыруға, әржастобыныңпсихофизиологиялық,эмоционалдықжәнеәлеуметтік-психологиялықерекшеліктерінескереотырып,балаларменжастардыңәртүрліжастоптарынабағдарланғанбалалардыңшығармашылыққабілеттеріндамытуғабағытталған іс-шараларөткізудіжүзеге асырады.Балаларменжасөспірімдерпсихологиясы,шығармашылық психологиясы,педагогикасаласындағымамандарменәзірленгенбағдарламаларғасараптамаұйымдастырады.Балаларыбаротбасыларғаарналғанмузей-білім беру бағдарламаларынәзірлеудіжәнеіске асыруды жүзеге асырады. Музейдің музей білім беру қызметібөлігіндекелушілердіңәлеуметтіксауалнамаларынұйымдастырады.Музей білім беру бағдарламаларыныңбалаларменжасөспірімдераудиториясынаәсер етуінің кейінге қалдырылғаннәтижелерініңмониторингінжүзеге асырады.Музей білім беру қызметі бойынша әдістемелікқұжаттардыбасып шығаруға дайындықтыжүзегеасырады.
Білуге тиіс: музейлердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері; музей заттары мен музей коллекцияларын есепке алу, сақтау, зерттеу, жариялау, сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі; педагогика, балалар психологиясы, дидактика, Әлеуметтік психология, риторика, қазіргі заманғы коммуникативтік технологиялар; музей қорларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар; еңбек заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі қағидалары; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар.Музей,мәдениеттанужәнеөнер)жәнеIIсанаттағымузей білім беру қызметі бойынша әдіскерлауазымындағыжұмысөтілікемінде2жыл.музей білім беру қызметіменсанатыбойыншаәдіс-жоғарыкәсіптікбілім(гуманистік,педагогикалық,мәдениеттанужәнеөнер)жәнемұражай-білім беру қызметі бойынша әдіскер ретіндеұзақуақытжұмысөтілікемінде3жыл.Музей білім беру қызметібойыншаәдіскер-жұмысөтілінеталапқоймайжоғарыкәсіптікбілім(гуманитарлық,педагогикалық,мәдениетжәнеөнер).
Білуге тиіс: Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; музейлердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері; музей заттары мен музей коллекцияларын есепке алу, сақтау, зерттеу, жариялау, сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі; педагогика, балалар психологиясы, дидактика, Әлеуметтік психология, риторика, қазіргі заманғы коммуникативтік технологиялар; музей қорларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар; еңбек заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі қағидалары; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар.Музей,мәдениеттанужәнеөнер)жәнеIIсанаттағымузей білім беру қызметі бойынша әдіскерлауазымындағыжұмысөтілікемінде2жыл.музей білім беру қызметіменсанатыбойыншаәдіс-жоғарыкәсіптікбілім(гуманистік,педагогикалық,мәдениеттанужәнеөнер)жәнемұражай-білім беру қызметі бойынша әдіскер ретіндеұзақуақытжұмысөтілікемінде3жыл.Музей білім беру қызметібойыншаәдіскер-жұмысөтілінеталапқоймайжоғарыкәсіптікбілім(гуманитарлық,педагогикалық,мәдениетжәнеөнер).
Музей педагогы (В2-4)
Лауазымдық міндеттері.
Музей тақырыбы бойынша оқу жоспарларын құру, сабақтар мен дәрістерді жоспарлау; Оқу жоспарларын жасау және оларды жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарындағы оқу процестерінің тақырыбымен үйлестіру; Оқу базасы ретінде көрме композицияларын пайдалана отырып, сабақтар мен дәрістер өткізу; Музей экспонаттары негізінде оқу материалын беру, музей артефактілерін, экспонаттары мен өнер туындыларын оқу процесінің көрнекі және материалдық базасы ретінде пайдалану;
Музей-тарихи мұраны таныстыру арқылы өнер және жаратылыстану ғылымдары саласындағы білімнің әртүрлі салаларына тыңдаушылардың қызығушылығын ояту; Экскурсиялық-лекциялық жұмыс; Музей-көрме кешендерінің базасында ойын және оқыту нысанында түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Сабақтар мен танымдық экскурсиялардың тиімділігін бағалау, оқушылар мен тыңдаушыларға сауалнама жүргізу; Оқушыларды музей-көрме қызметінің негіздерімен таныстыру, экспонаттарды іріктеу критерийлерімен таныстыру және олардың тарихи немесе эстетикалық құндылығын анықтау.
Білуге тиіс: Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
музейлердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері; музей заттары мен музей коллекцияларын есепке алу, сақтау, зерттеу, жариялау, сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі; педагогика, балалар психологиясы, дидактика, Әлеуметтік психология, риторика, қазіргі заманғы коммуникативтік технологиялар; музей қорларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар; еңбек заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі қағидалары; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар.Музей,мәдениеттанужәнеөнер)жәнеIIсанаттағымузей білім беру қызметі бойынша әдіскерлауазымындағыжұмысөтілікемінде2жыл.музей білім беру қызметіменсанатыбойыншаәдіс-жоғарыкәсіптікбілім(гуманистік,педагогикалық,мәдениеттанужәнеөнер)жәнемұражай-білім беру қызметі бойынша әдіскер ретіндеұзақуақытжұмысөтілікемінде3жыл.Музей білім беру қызметібойыншаәдіскер-жұмысөтілінеталапқоймайжоғарыкәсіптікбілім(гуманитарлық,педагогикалық,мәдениетжәнеөнер).
Қор сақтаушысы (В2-4)
Лауазымдық міндеттері:
музей заттарын сақтауды, олардың сақталымын және консервациялауды, жауапты сақтауға қабылданған музей заттарын зерделеуді қамтамасыз етеді, олардың сақтау қорлары жөніндегі инвентарлық кітаптарда тіркелуін тексереді;
жауапты сақтауға қабылданған музей заттарын жүйелеуді, топографиялық тізімдемені, ғылыми-анықтамалық картотекаларын жасауды, музейдің, музей-қорықтың электрондық мәліметтер қорының тиісті бөлімдерін жүргізуді іске асырады;
музей қоллекцияларын толықтыру бойынша жұмыстарға қатысады, музей заттарының сақталу жағдайына жүйелі бақылауды жүргізеді;
қалпына келтіруге мұқтаж жәдігерлерді анықтау бойынша, сондай-ақ музей заттарының сақталымын қамтамасыз ететін алдын алу шараларын жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады;
қалпына келтіру кеңесінде қарау үшін сақтау қорын қалпына келтіру және консервациялау бойынша тапсырмаларды дайындайды;
музей заттарының және музей коллекцияларының бар-жоғын тексеруге және олардың бар-жоғын есеп құжаттамасымен салыстырып тексеруге қатысады;
құжаттық және сурет қорының сақтандыру көшірмесін жасау бойынша (өз құзыреті аясында) жұмыстарды қамтамасыз етеді, қор сақтау қоймасы бөлмелерінің температуралық-ылғалдылық режиміне бақылау жүргізеді;
экспозициялар мен көрмелерді дайындау жұмыстарына қатысады, коллекциялар каталогтарын, сақтау қоры материалдарының шолуын, жариялауға, жұртшылықтың сақтау қоры жөніндегі ақпаратқа қатысты сұранысы бойынша материалдарды дайындайды.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
жәдігерлерді қалпына келтіру технологиясын, музей заттарын есепке алу және сақтау саласындағы отандық және шетелдік музейлердің озық тәжірибесін.
Біліктілікке қойылатын талаптар. санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Экскурсия жетекшісі (В2-4)
Лауазымдық міндеттері:
экспозициялар, көрмелер, ашық сақтау қорлары мен музей нысандарына экскурсиялар жүргізеді;
ішкі тәртіп актілері мен әдіскердің ұсыныстарына сәйкес экскурсияларға қосымшалар мен өзгерістер енгізеді;
экскурсиялар өткізу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын жасайды;
мәдени-ағартушылық іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне, әдістемелік ұсынымдарды даярлауға және экскурсия бойынша ұсынымдар тыңдауға қатысады.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
өз мамандығының ерекшелігін ескере отырып, мәдениет тарихын, этнография мен археологияны, музей ісіне байланысты жетекші материалдарды, ғылыми-ағартушылық жұмыс мәселелері бойынша жаңа зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерді, экскурсия мен дәрістердің тақырыбын, отандық және шетелдік музейлер экскурсияларының, дәрістік жұмыстарының озық тәжірибесін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау нспекторы (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
ескерткіштер мен олардың қорғалу аймақтарында жүргізілетін жұмыстар түрлеріне, тарих және мәдениет ескерткіштері бар қалалар мен елді мекендерді жоспарлау, құрылыс салу және қайта құру жобаларының ғылыми-жобалық құжаттарын қарауға және келісуге қатысады;
тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін, тарихи құрылыстар мен ортаның сақталуын тексеруге қатысады;
жүргізілген зерттеулер негізінде тарихи-мәдени мұра нысандарының тізімін, ескерткіштердің есепке алу-қорғау құжаттамаларын жасайды;
ескерткіштерді жөндеу, қалпына келтіру, консервациялау және бейімдеу, олардың аумақтарын абаттандыру жұмыстарына байланысты тиісті өзгерістерді есеп құжаттамасына енгізеді;
нысандарды алдына ала тізімге және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізу жөніндегі есептік құжаттамаларды дайындауға қатысады;
облыстық мәдениет басқармалары атынан ескерткіштің меншік иелерімен және пайдаланушыларымен қорғау міндеттемелерін жасау бойынша жұмыстарды жүргізеді;
нысандарды тарих және мәдениет ескерткіші ретінде тану, сондай-ақ оларды бұл мәртебесінен айыруға байланысты арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыруға қатысады.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (құқық) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
ЖЫР инженері (жылу ылғалдылық режимін бақылайтын) (С-2)
Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, нысандарды жобалау, салу және пайдаланудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі негізінде және жобалауды автоматтандыру құралдарын қолдана отырып, жобаның жекелеген бөлімдерін (бөліктерін) әзірлейді. Жасалатын жобалар мен техникалық құжаттаманың жобалау және салу жөніндегі стандарттарға, техникалық талаптарға және басқа да нормативтік құжаттарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Жобаланатын нысан құрылысына авторлық бақылауды жүргізеді, өз құзыретін кіретін мәселелер бойынша консультация береді. Жобаларды жасау кезінде талдау, қорытындылау жұмыстарына қатысады, осының негізінде қабылданған жалпы және арнайы жобалық шешімдерді түзету қажетті туралы ұсыныстарды әзірлейді. Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізу кезінде тәжірибелік үлгілердің, жобаланушы бұйымдардың, жабдықтарды орнату мен жөндеудің стендтік және өндірістік сынағына қатысады. Күрделі және нақты аппаратураларды икемдеу мен реттеуді орындайды, оның жағдайы мен дұрыс қолданылуын бақылауды жүзеге асырады. Жабдықтардың жұмысын қарайды, күрделі тәжірибе мен өлшеуді өткізеді, өткізілген тәжірибе бойынша жазба жүргізеді, қажетті есептеулерді орындайды, нәтижелерді талдайды және қорытындылайды, олар бойынша техникалық есептерді жасайды және жедел мәліметтер жасайды. Материалдарға, жабдықтарға және тағы басқа жоспарлар,сметалар,өтініштер жасау үшін бастапқы деректерді дайындайды.
Білуге тиіс. Техникалық — экономикалық есептеулерді жүргізу және жобалау әдістері, жұмыс қағидаты, жабдықтар мен конструкцияны жасау және монтаждау технологиясы, материалдардың түрі мен қасиеттері, нысанды жобалау, салу және пайдалануға беру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және жетекші материалдар, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу және рәсімдеу бойынша стандарттар, техникалық шарттар, жобалау мен салудың техникалық құралдары, патенттану негіздері, жобалау және құрылыстың отандық және шетелдік тәжірибесі, жобаланатын нысанға қойылатын техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптар, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жобалау ұйымдарында жұмыс стажы кемiнде 5 жыл болуы тиіс.
Музейдің экспозициялық-көрме қызметі бөлім басшысы (А3-1)
Лауазымдық міндеттері:
бөлімше қызметіне басшылықты жүзеге асырады, музей бағдарламаларын, жобаларын, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және музей ісі саласындағы мәдени саясатының тұжырымдамаларын, жаңа экспозициялар мен көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;
ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындайды, зерттеу және ғылыми-әдістемелік, экскурсиялық және дәрістік жұмыстарды ұйымдастырады, музейдің ағымдағы және перспективалық жоспарларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
музей (музей-қорық) қорларының музейлік маңызы бар заттармен толықтырылуы жөніндегі жұмыстарды, ғылыми-анықтамалық материаларды, каталогтарды, қызмет бағыты бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеуді ұйымдастырады.
бөлім қызметкерлеріне қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді, музей заттарының бүлінуі, жоғалуы және ұрлануы жағдайында музей, музей-қорық басшылығын хабардар етеді;
қорларға профилактикалық тексеруді ұйымдастырады, сақтау қоймасын дезинфекциялауды, құрғатуды, желдетуді қамтамасыз етеді, температуралық-ылғалдылық режимді бақылайды;
қызметкерлермен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
музей заттарының сақталымына материалдық жауапкершілікте болады.
Экспозициялық көрме қызметі бөлімінің басшысы музейдегі көрмелерді ұйымдастыру мен өткізу, экспозицияларды басқару және олардың сапасын қамтамасыз ету бойынша жетекші қызметкер болып табылады.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі суретші-әрлеуші (В2-4)
Лауазымдық міндеттері:
экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастырудың тұжырымдамасы мен әдістемелік бағдарламасын жасайды;
реэкспозициялық іс-шараларға байланысты жаңа ұсыныстар енгізеді;
бөлім меңгерушісімен бірлесіп, экспозициялық қызметтің негізгі бағыттарын анықтайды;
экскурсия жүргізушілері мен суретші-дизайнерлерге экспозициялық және көрме жұмыстарының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша кеңестер береді;
дәрістік және анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындайды.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
экспозициялық-көрме жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (композиция, кескіндеме, өнертану, дизайн, баспа ісі, тарих, археология және этнология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Дизайнер, суретші-дизайнер (В2-4)
Лауазымдық міндеттері:
көркемдік-дизайндық және көркем безендіру жұмыстарының орындалуын жүзеге асырады, эскиздерді жасайды және экспозициялардың, көрмелердің макеттері жобаларының көркемдік безендірілуі бойынша жұмыстарды орындайды;
көрмелік және экспозициялық коллекциялардың көркемдік безендіру жобасын жасауға қатысады.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
көркемдік-безендіру жұмыстарының орындалу технологиясын, көркемдік-безендіру жұмыстарының отандық және шетелдік озық тәжірибесін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Әдіскер (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
ұйымның мәдени-демалыс жұмыстарын қамтамасыз ететін әдістемелік материалдарды, ұсынымдарды жасайды;
мәдениет ұйымдарының жұмыс тәжірибесін зерделейді және жинақтайды, оны насихаттайды және тәжірибеге енгізуді ұйымдастырады;
жиналыстар, семинарлар, дәрістер, тақырыптық кештер, концерттер және көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға, көрнекі құралдар мен материалдар дайындауға қатысады;
мекемеге қарасты ұйымдардың қызметі туралы материалдарды жүйелейді және олардың жұмыстарын жетілдіру туралы ұсыныстар дайындайды;
әуесқой бірлестіктердің, мүдделері бір клубтардың шығармашылық ахуалын зерделейді, шығармашылығы неғұрлым жетілген ұжымдарды анықтайды;
мәдени-көпшілік іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге және жасауға қатысады.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
клуб жұмысын ұйымдастыруды, мәдени-демалыс жұмыстарының мәселелері бойынша басқарушы материалдарын, мәдени ұйымдардың озық жұмыс тәжірибелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Мәдени ұйымдастырушы (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
ойын-сауық, тұрғындардың ойындық қатынасы мен демалысының ұжымдық түрлерін ұйымдастырады;
сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды, ұжымдық демалыстың ойын түрлерін, көркемдік безендіру, әуенмен әрлеу және техникалық жабдықтау жұмыстарын жасауға қатысады;
концерттердір дайындау үшін сценарийлік жоспарлар жасайды, көркемдік және музыкалық жетекшілерді, хореографтарды, концертмейстерлерді, шығармашылық ұжымдарды, жеке әншілерді шақырады;
эскиздер мен реквизит заттарын жасайды;
концерттік бағдарламалардың фонограммасын дайындайды;
шығын сметасын дайындайды және ұйым басшылығына бекітуге ұсынады.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
клуб жұмысының ұйымдастырылуын, мәдени-демалыс жұмыстарының мәселелері бойынша басқарушы материалдарын, мәдени ұйымдардың озық жұмыс тәжірибелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Суретші (суретші-безендіруші) (В2-4)
Лауазымдық міндеттері:
шараның, жекелеген құрылымдардың, көрмелердің, стендттердің, баспа материалдарының көркем безендірілуінің сызбаларын жасауды жүзеге асырады және олар бойынша көркемдік-безендіру жұмыстарын орындайды;
жаңа саябақ құрылыстары, сондай-ақ қолданыстағы құрылыс нысандарын қайта құру кезінде көркемдік-безендіру жоспарларын іске асыруға қатысады;
мәдени-ағарту мекемелері ғимараттарының және олардың құрылыстарының көркемдік безендірілуін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
көркемдік-безендіру жұмыстарының техникасы мен технологиясын, сурет техникасын, ең жаңа әрлеу құрылыс материалдарын және оларды безендіру жұмыстарында қолдану техникасын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық ғылымдар (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Экспозициялық және көрме қызметі жөніндегі маман (В2-4)
Лауазымдықміндеттері.Ғылымитұжырымдамаларды,тақырыптық-экспозициялықжоспарларды, музейдің көрмеқызметінің жоспарларын, музейэкспозицияларынкөркемдікбезендіружобаларынәзірлеугеқатысады.Музей экспозицияларыүшінақпараттықматериалдармен этикет әзірлейді, музейденавигацияүшінқажеттіақпараттықматериалдардыдайындауғажәнеорналастыруғабайланысты ресімдеу жұмыстарынорындаудыұйымдастырады.Экспозицияменкөрмелердікөлемдік-кеңістіктікбезендіру, стандартты емесэкспозициялықжабдықтардыдайындау бойынша жобалықжәнеОрындаушылықжұмыстардыорындауғаарналғантехникалықтапсырмалардыәзірлеудіжүзеге асырады.Көрмегемузей заттарынберутуралышарттардыдайындауғажәнекелісугеқатысады.Көрмелердіұйымдастыруғабайланысты,оныңішіндеесепке алу,кедендік,сақтандыру,көлікқұжаттамаларындайындаудықамтамасыз етеді.Көрмелердіұйымдастыружәнеөткізумәселелері бойынша музейдіңесепкеалу-сақтау бөлімшелеріменөзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Экспозициялық көрме қызметі бөлімінің басшысы музейдегі көрмелерді ұйымдастыру мен өткізу, экспозицияларды басқару және олардың сапасын қамтамасыз ету бойынша жетекші қызметкер болып табылады.
Экспозициялық көрме қызметі бөлімінің басшысы — бұл көрмелердің ұйымдастырылуын толықтай басқаруға жауапты маман. Ол көрмелердің тақырыбын таңдаудан бастап, экспозициялардың сапасын бақылауға дейінгі барлық процестерді үйлестіреді, сондай-ақ келушілерге жақсы тәжірибе ұсыну үшін қажетті ресурстарды тиімді пайдаланады.
Білуге тиіс: Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
музейдің қызметін реттейтін халықтардың мәдени мұрасын сақтау және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері; музей заттары мен музей коллекцияларын есепке алу, сақтау, зерттеу, жариялау, сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі; мұражайдың тұрақты экспозицияларын құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру ережелері; әзірлеудің отандық және халықаралық тәжірибесі және музей экспозицияларын құру;
Біліктілікке қойылатын талаптар Экспозициялық-көрме қызметі бойынша маман — жұмыс өтіліне не орта кәсіптік білімге (экономикалық, мәдениет және өнер, гуманитарлық) талаптар қойылмай жоғары кәсіптік білім (экономикалық, мәдениет және өнер, гуманитарлық) және музейде кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Сәулет-реставрациялық жұмыс жөніндегі бөлім басшысы (А3-1)
Лауазымдық міндеттері. Қалпына келтіру бөліміне басшылықты жүзеге асырады. Мәдени мұра объектілерін сақтау бойынша жөндеу-реставрациялау жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады. Мәдени мұра объектілерінде жобалау және жөндеу-реставрациялау жұмыстарын орындау үшін бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын дайындауды, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мәдени мұра объектілерінде жұмыстар жүргізу үшін жобалау және мердігерлік ұйымдарды таңдау бойынша конкурстар (мердігерлік сауда-саттықтар) өткізу үшін конкурстық құжаттаманың техникалық бөлігін дайындауды, мәдени мұра объектілерінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін конкурстарды (шарттарды) ресімдеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Мәдени мұра объектілерінде жобалау-сметалық құжаттаманы және жөндеу-реставрациялау жұмыстарын жүргізу, қарау, Мәдени мұра объектілерін реставрациялау жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы келісу және сараптау, жобалау-сметалық құжаттаманың әзірленуін бақылауды және жөндеу-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді техникалық қадағалауды ұйымдастырады. Орындалған жұмыстардың жедел есебін және статистикалық есептілігін жүргізуді, орындалған жөндеу-реставрациялау жұмыстарын қабылдауды және мәдени мұра объектілерін пайдалануға беруді қамтамасыз етеді. Жобаның бөлімін (бөлігін) жасау үшін тапсырмалар қалыптастырады және оларды орындаушыларға береді. Құрылыстың нақты жағдайын ескере отырып, жаңа нормативтік құжаттарды енгізу кезінде жұмыс құжатына өзгерістер енгізу туралы ұсынысты дайындайды. Жобалау нысандарын жобалау, салу және пайдалану тәжірибелерін талдайды және қорытындылайды. Осының негізінде жобалауды жетілдіру, жобалау шешімдерінің техникалық-экономикалық деңгейін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды дайындайды.
Білуге тиіс: Мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері; еңбек заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары кәсіптік білім (экономикалық, мәдениет және өнер, көркемдік) және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Инженер-жобалаушы (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, нысандарды жобалау, салу және пайдаланудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі негізінде және жобалауды автоматтандыру құралдарын қолдана отырып, жобаның жекелеген бөлімдерін (бөліктерін) әзірлейді;
жобалық шешімді жасауға тапсырмаларды дайындауға қатысады;
жобалау үшін бастапқы деректерді жинауға, нысанды жобалаудың, салудың және іске қосудың барлық кезеңінде бекітілген нысан бойынша техникалық мәселелерді шешуге қатысады;
жобаның өзге бөлімдерін (бөліктерін) қабылданған жобалық шешімдермен байланыстырады;
жаңа жобалық шешімдердің патенттік тазалығы мен патенке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында патенттік зерттеулерді жүргізеді;
жасалатын жобалар мен техникалық құжаттаманың жобалау және салу жөніндегі стандарттарға, техникалық талаптарға және өзге де нормативтік құжаттарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
жобаланатын нысан құрылысына авторлық бақылауды жүргізеді, өз құзыретін кіретін мәселелер бойынша консультация береді;
жобаларды жасау кезінде талдау, қорытындылау жұмыстарына қатысады, осының негізінде қабылданған жалпы және арнайы жобалық шешімдерді түзету қажетті туралы ұсыныстарды дайындайды;
өнертабыстарға өтінім жасауға, өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстарға, стандарт жобаларына, техникалық талаптарға және өзге де нормативтік құжаттарға қорытындылар мен пікір дайындауға, семинарлар мен конференцияларға қатысады.
Білуге тиіс:
объектілерді жобалау, салу және пайдалану жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және басшылық материалдар;
техникалық-экономикалық есептеулерді жүргізу және жобалау әдістері;
жұмыс принциптері, жабдықтар мен конструкцияларды жасау және монтаждау технологиялары;
материалдардың түрлері мен қасиеттері;
жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі стандарттар, техникалық шарттар және өзге де басшылық материалдар;
жобалау мен құрылыстың техникалық құралдары;
жобалау мен құрылыстың озық отандық және шетелдік тәжірибесі;
патенттану негіздері, жобаланатын объектілерге қойылатын техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптар;
экономика, еңбекті, өндірісті ұйымдастыру және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жобалау ұйымдарында кемiнде 5 жыл жұмыс өтілі.
Суретші-қалпына келтіруші (В2-4)
Лауазымдық міндеттері:
қалпына келтіру жұмыстарын атқарады;
қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің әдістемесін және материалдарды таңдайды, қалпына келтіру жұмысы барысының мұқият құжатталуын қамтамасыз етеді;
қалпына келтірілетін нысанды тексеруді және жағдайын сипаттауды жүзеге асырады, зерттеу нәтижелері негізінде бүлінудің себебі мен сипатын анықтайды;
қалпына келтіру жұмыстарының жекелеген үдерістерін суретпен бекітуді құжаттау туралы фотографтарға нұсқау береді;
экспозициядағы музей қорына тексеру жүргізеді;
музей, музей-қорықтың сақтаушыларына музей заттарын сақтау мәселелері жөнінде кеңес береді.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
қалпына келтіру жұмыстарының орындалу технологиясын, қалпына келтіру-консервациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі әдістемені және нұсқаулықты, қалпына келтіру жұмыстарының отандық және шетелдік озық тәжірибесін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «өнер және мәдениет» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.
Жобалау-сметалық жұмыс жөніндегі инженер (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
құрылыс-монтаж жұмыстары объектілерін салу және оны нысанаға ауыстыру үшін жобалау-сметалық құжаттаманың бар болуын қамтамасыз етеді;
объектілерді жобалау үшін бастапқы деректерді дайындайды;
жобалау тапсырмаларын жасайды және оларды жобалау ұйымдарына береді;
жобалау ұйымдарынан жобалық құжаттаманы қабылдайды және олармен бірге оны мердігерлік құрылыс ұйымдарымен қарайды;
жобалау ұйымдарының сметалық құжаттамалардың дұрыстығын, олардың қолданыстағы нормативтік құжаттарға, нұсқаулықтарға, әдістемелік нұсқауларға сәйкестігін тексереді;
жаңа нормативтерді, бағаларды, прейскуранттарды, каталогтарды, бірыңғай бағалар жинақтарын енгізуден туындаған қажетті өзгерістерді жобалау-сметалық құжаттамаға уақтылы енгізеді;
жобалау ұйымымен жобалау-сметалық құжаттамамен үйлестіруге дайындайды;
мердігерден жобалау-сметалық құжаттама бойынша қорытындылар алуды қамтамасыз етеді;
сараптаманың және мердігердің ескертулері бойынша оның пысықталуына бақылауды жүзеге асырады және бекітуге дайындайды;
жобалық – сметалық құжаттаманы бекітілгеннен кейін ұйымның тиісті бөлімшелеріне жібереді;
аяқталған құрылысты жобалаудың құнын есептен шығару үшін бухгалтерияға қажетті құжаттарды тапсырады;
жобалау және зерттеу жұмыстарының жоспарын орындау туралы ай сайынғы есебін жасайды;
жобалау-сметалық құжаттама бойынша қажетті ақпаратты дайындайды, архивті сақтауды қамтамасыз етеді;
белгіленген нысанда есептерді дайындайды.
Білуге тиіс:
баға белгілеу және сметалық нормалау саласындағы заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, өкімдік, әдістемелік, нормативтік, өзге де материалдар;
құрылыс нормалары мен тәртібі, құрылыстағы стандарттар;
жобалық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастыру, оны келісу және бекіту тәртібі;
ғимараттар мен құрылыстардың сәулеттік-технологиялық жобалау негіздері;
материалтану, құрылыс құрылмалары, құрылыс өндірісін ұйымдастыру;
құрылыс процестерінің және өндірістің технологиясы;
инвестициялық-құрылыс процесінің әртүрлі сатыларында келісім-шарттар жасасу, сметалық құжаттаманы әзірлеу және келісу тәртібі, құрамы, мазмұны;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санатсыз жобалау-сметалық жұмыс инженері: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және 1 санатты техник лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Жөндеу жөніндегі инженері (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
ұйымның жабдықтары және өзге де негізгі қорларын (ғимараттар, сумен жабдықтау, кәріз, ауа өткізгіш жүйелерін және өзге де) түрлі жөндеулердің перспективалық пен ағымдағы жоспарларын (кестелерін), оларды пайдалану мен оларға қызмет көрсетуді жақсарту шараларын жүзеге асырады, бекітілген жоспарлардың (кестелердің) орындалуын бақылайды;
жабдықтарды уақтылы реттеу мен жөндеуді, ұйымның тиімді жұмысын, жөндеудің прогрессивті технологиясын, жоғары тиімді жөндеу құралдарын, еңбекті қажет ететін процестерді механикаландыруды қамтамасыз ететін кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйесін енгізуге ықпал етеді;
жабдықтың техникалық жай-күйін, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеруге, сондай-ақ ұйымға жаңадан келіп түскен жабдықты қабылдауға қатысады, қажет болған жағдайларда оны есептен шығаруға немесе өзге ұйымдарға беруге құжаттаманы ресімдейді;
жөндеу жұмыстарын дайындауды ұйымдастырады, жабдықты жөндеу үшін, олармен кооперация жағдайында ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша қосалқы бөлшектерге қажеттілікті анықтайды;
жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жабдықты сынауға қатысатын ұйым бөлімшелерінің қызметіне, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және оны қадағалау тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіруге, жөндеу жұмыстарының көп еңбекті қажетсінуі мен құндылығын төмендетуге, олардың сапасын жақсартуға, негізгі қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға (тозуға төзімділігін жоғарылатуға және жабдықтардың тұрып қалуын азайтуға) бағытталған шараларды әзірлейді;
өндірістің техникалық дамуын, негізгі қорларды күрделі жөндеу мен жаңғыртуды жоспарлау бойынша жұмыстарға, өндірістік қуаттар және оларды пайдалану балансын құруға қатысады;
жабдықтарға профилактикалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша (жөндеу-пайдалану шығындарын, қосалқы бөлшектердің жарамдылық мерзімдерінің нормативтері, ауыстырылатын және тез тозатын бөлшектердің номенклатурасы, майлау материалдарының шығынының мөлшері мен лимиттері) нормативтік материалдарды әзірлейді;
Білуге тиіс:
жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;
ұйымның техникалық даму перспективалары;
жабдықтарды жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
технологиялық жабдықтарды жоспарлы-алдын ала жөндеу мен ұтымды пайдалану жүйесі;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санатсыз жөндеу жөніндегі инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және I санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім бастығы (А3-1)
Лауазымдық міндеттері:
ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатының тұжырымдамасын әзірлеуді ұйымдастырады;
ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы саясатын іске асыруға бағытталған перспективалық және ағымдағы бағдарламаларды құру және іске асыру жөніндегі жұмысты басқарады;
ұйым қызметіне қатысты экономикалық, қоғамдық-саяси және социологиялық ақпаратты жинау және талдау жөніндегі қызметті үйлестіреді;
ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы қызметінің ағымдағы жоспарын түзету үшін талдамалық материалдарды үнемі дайындауды ұйымдастырады;
ұйым басшылығының ұйымдармен, қоғамның әртүрлі топтарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді және тұрақты екіжақты байланысын қамтамасыз етеді;
ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды дайындауды және өткізуді басқарады;
ұйым қызметі туралы ақпараттық-жарнамалық ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді;
қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның ағымдағы бағдарламалары мен тұжырымдамасын түзету мақсатында ұйымның беделіне әсер ететін негізгі факторлар бойынша қоғамдық пікірге зерттеу жүргізуді басқарады;
корпоративтік басылымның тұжырымдамасын, ұйымның ресми веб-ресурсын және ұйым шығаратын өзге де ақпараттық материалдарды бекітеді;
Білуге тиіс:
қоғаммен байланыс саласының, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актілері;
қоғаммен байланыс саласындағы кәсіптік және этикалық принциптің қазақстандық және халықаралық кодекстері;
қоғаммен байланыс саласындағы халықаралық сапа стандарттары, ұйымның даму стратегиясы және бизнес-жоспары, қоғаммен байланыс жөніндегі ғылыми-әдістемелік құжаттар;
қоғаммен байланыс саласындағы технологияның даму перспективалары және бағыттары;
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі және (немесе) қоғаммен байланыс саласындағы қосымша даярлық.
Редактор (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
экспозициялар мен көрмелердің мәтіндері мен этикетажын редакциялайды, аударады, басып шығарады, көбейтеді;
буклеттерді, каталогтарды, плакаттарды, афишаларды, конференция материалдарын, мақалалардың ғылыми жинағын және басылымдарды баспаға дайындайды және шығарылымын қамтамасыз етеді;
баспа өнімін дайындауды және басып шығаруды іске асырады;
бұқаралық ақпарат құралдарымен, газет, журналдар редакцияларымен, телевидение және радио, ақпараттық агенттіктермен, баспалармен ұйымның қызметін, музейлік және музейден тыс экспозициялар мен көрмелерді насихаттау бойынша байланысты жүзеге асырады;
ғылым, музей ісі салаларындағы аудармаларында, сондай-ақ орындалған аудармаларды есепке алу және жүйелеуде қолданылатын түсініктер мен анықтамаларды жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізеді;
аудармалардың түпнұсқаның лексикалық, стилистикалық және мәндік мазмұнына дәл сай келуін, қолданылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты бекітілген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімде аудармаларды орындайды.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
орындалатын жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды, ұйым қызметінің ерекшелігін, ғылыми аударманы, аудармаларды үйлестірудің қолданыстағы жүйесін, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалар тақырыбы бойынша терминологияны, ғылыми және әдеби редакциялаудың негіздерін, қазақ және орыс тілдерінің грамматикасы мен стилистикасын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша жұмысты ұйымдастырады;
перспективалық және ағымдағы бағдарламалар мен жоспарларды, жекелеген іс-шараларды немесе аталған бағыт шеңберінде олардың кешенін, оларды ақпараттық сүйемелдеуді, қаржылық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету схемаларын әзірлейді;
ұйым саясатының жалпы басымдықтарына және оның даму стратегияларына сәйкес ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы қызметінің жеке бағытының ақпараттық-жарнамалық стратегиясын қалыптастыруға қатысады;
қоғаммен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл нысандары мен әдістерін таңдауды жүзеге асырады;
ұйымнан шығатын ақпараттық хабарламалардың сипатын, мазмұнын және олардың тасымалдағыштарын айқындайды;
тұтынушылармен, әріптестермен және қоғамның өзге де топтарымен екіжақты байланысты қамтамасыз етеді;
Білуге тиіс:
қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
нарықтық экономика, кәсiпкерлiк және менеджмент негiздерi, ұйымның даму стратегиясы, ақпараттық нарықтың коньюктурасы, социологиялық зерттеулерді жүргізу технологиясы;
дағдарыс жағдайларында жұмыс істеу әдістері;
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қосымша даярлық және кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
инвесторлармен байланыс саласындағы ұйым қызметі бағыттарының біреуін басқаруды жүзеге асырады;
перспективалық және ағымдағы бағдарламаларды және жоспарларды, жекелеген іс-шаралар және/немесе іс-шаралар кешенін, оларды ақпараттық сүйемелдеуді, материалдық-қаржылық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету схемасын әзірлейді;
акционерлердің жылдық жиналыстарын дайындауға және өткізуге, ақпаратты ашу жүйесін іске асыруға, ұйымның жалпы басымдықтарына және оның даму перспективасына сәйкес инвесторлармен байланыс саласында ұйым қызметінің жекелеген бағыттарының ақпараттық-жарнамалық стратегиясын қалыптастыруға қатысады;
инвесторлармен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл әдістерін және нысандарын таңдауды жүзеге асырады;
ұйымнан шығатын ақпараттық хабарламалардың сипатын, мазмұнын және оларды тасымалдағыштарды айқындайды;
инвесторлармен және әріптестермен екіжақты байланысты қамтамасыз етеді;
рейтингтік агенттіктермен, инвестициялық компаниялардың талдаушыларымен, консалтингтік компаниялармен, аудиторлық ұйымдармен, бағалаушы фирмалармен, мемлекеттік және муниципалдық басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпараттық құралдарымен, ақпараттық, жарнама агенттіктерімен, өзге де ұйымдармен тұрақты байланысты ұйымдастырады және қолдайды;
ақпараттарды жинауды, талдауды және өңдеуді, оның ішінде әлеуметтік, маркетингтік зерттеулерді қолдана отырып ұйымдастырады;
Білуге тиіс:
инвесторлармен байланысты реттеу мәселелеріне, ұйымның ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
инвесторлармен байланыс саласындағы кәсіптік және этикалық принципі кодексі, корпоративтік басқару кодексі;
кәсіпкерлік және инвестициялық менеджмент негіздері;
ұйымның даму стратегиясы, инвестициялық және ақпараттық нарықтың конъюнктурасы, қаржы нарығының құрылымы;
акциялар нарығының ағымдағы жағдайы;
социологиялық және маркетингтік зерттеулерді жүргізу технологиясы;
дағдарыс жағдайында жұмыс істеу әдістері;
жарнамалық және ақпараттық науқандарды жүргізуді жоспарлау мен ұйымдастыру әдістері;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, инвесторлармен байланыс саласындағы қосымша даярлық және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі
Бағдарламашы (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығына келіп түскен барлық ақпаратты механикалық және автоматты түрде өндеуді, өндірістік және ғылыми-зерттеу сипатындағы экономикалық шешімдер технологиясын және өзге тапсырмалардың жасалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайды;
ақпаратты жүйелі өндеу мен машинаны математикалық қамтамасыздандыру жүйесін жобалауға қатысады;
есептеу үдерісін жүзеге асыруға байланысты дайындық операцияларын орындайды, машиналардың жұмысын бақылап отырады;
ақпаратты өңдеудің технологиялық үдерісінің технологиялық схемасын, тапсырмаларды шешу алгоритмін, коммутация схемасын, макеттер, жұмыс жасау нұсқаулықтарын және олардың түсіндірмелерін құрастырады;
қарапайым тапсырмаларды шешу бағдарламасын әзірлейді, оларды жөнге келтіру және жұмыстың жеке кезеңдерін эксперименттік тексеруді жүргізеді;
деректердің есептеу машинасына автоматты түрде енгізілуін қамтамасыз ететін ақпаратты техникалық тасушыларды дайындау, нормативтік және анықтамалық база көрсеткіштерін жинау және жүйелеу, шығыс құжаттардың нысандарын әзірлеу, жұмыс бағдарламаларына қажетті өзгерістер енгізу және оларды уақтылы түзету жөніндегі жұмысты орындайды;
ақпаратты өңдеудің технологиялық үдерісінің әртүрлі операцияларын (кіріс ақпаратты қабылдау және бақылау, шығыс деректерді дайындау, ақпаратты өңдеу, шығыс құжаттаманы шығару және оны тапсырыс берушігетапсыру) орындауға қатысады;
машинаның уақытын және орындалған жұмыс көлемін пайдаланудың есебін жүргізеді.
Білуге тиіс:
ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өңдеу әдістері;
есептеу техникасының ақпаратты жинақтау, тапсыру және өңдеу құралдары және оларды пайдалану тәртібі;
ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өңдеу технологиясы;
есептік операцияларды орындаудың жүйелілігі мен техникасын анықтайтын жұмыс бағдарламалары, нұсқаулықтар, макеттер және өзге де басшылық материалдар;
ақпаратты тасымалдаушылардың техникалық түрлері, оларды пайдалану мен сақтау тәртібі;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санатсыз техник-бағдарламашы: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Ясауитану ғылыми орталық басшысы (А2-1-1)
Лауазымдық міндеттері:
ұйымның немесе институт бөлімінің (бөлімше, зертхана) тақырыптық жоспарында көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын ұйымдастырады және бекітілген тақырыпша бойынша олардың дамуының келешегін анықтайды, осы жұмыстарды жүргізудің әдістері мен құралдарын таңдайды;
бөлімшенің перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларының жобаларын дайындайды және оларды институттың ұйым немесе бөлімінің (бөлімшесінің, зертханасының) басшылығына ұсынады;
техникалық тапсырмаларды, әдістемелік және жұмыс бағдарламаларын, техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын және өзге де ұйымдарды жоспарланған жұмыстарды қоса орындаушылар ретінде тарту туралы ұсынысты әзірлейді;
ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, зияткерлік меншік нарығы мен тиісті инфрақұрылымды дамыту үшін өзінің зерттеулері бағытының аясында әртүрлі тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, заңдарды, әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүйелік-ғылыми негіздерін, өңірлердің дамуының кешенді бағдарламаларын, нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуге қатысады;
бірлескен зерттеулер жүргізу, қосымша қаржыландыруды тарту үшін отандық және шетелдік әріптестерді іздеу бойынша бастамаларды қабылдайды;
конкурстар мен жоба тендерлеріне қатысу үшін жобалық ұсыныстарды дайындайды;
ғылыми-техникалық жетістіктер мен идеялары нарығында маркетингілік зерттеулерді жүргізеді және авторлық құқықты, жаңа технологиялар мен жобаларды және өзге зияткерлік меншікті құқықты қорғау мәселелерін зерттеп және уақытында шешу бойынша өз идеяларын және мүдделі тұтынушылар жетістіктерін сату жөнінде іс-шаралар қабылдайды;
бөлімшенің тақырыптық жоспарларында көзделген проблемалар бойынша ғылыми басшылықты жүзеге асырады, олардың соңғы мақсаттары мен болжамды нәтижелерін қалыптастырады;
жекелеген жұмыстарды жүргізуге тікелей қатысады;
жоспарда көзделген тапсырмалардың, шарт міндеттемелерінің орындалуын, сонымен қатар бөлімше мен қоса орындаушылардың мамандары орындаған жұмыстың сапасын бақылайды;
нормативтік талаптарды, жинақтылық пен құжаттың сапалы орындалуын, оны келісудің белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
бөлімше орындаған жұмыстар туралы ғылыми есептерді бекітеді және ұйымның ғылыми кеңесіне немесе институттың бөлім (бөлімше, зертхана) бастығына қарауға ұсынады, олардың нәтижелерін практикалық қолдануды, авторлық қадағалауды және техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі шараларды қабылдайды және жабдықтың, аппаратураның және аспаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
ғылыми және техникалық жетістіктерді патенттеу және лицензиялау және өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстарды тіркеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді;
бөлімше жұмысының тиімділігін арттыруды, мамандарды тиімді орналастыруды қамтамасыз етеді, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды;
жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртібі мен нормалардың сақталуын қадағалайды;
бөлімше қызметкерлерін іріктеуге, аттестаттауға және қызметін бағалауға, олардың біліктілігін арттыруға қатысады;
бөлімшенің қызметкерлерін басқарады.
Білуге тиіс:
тиісті білім, ғылым және техника саласындағы заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және ғылыми проблемалар;
экономикалық қызметтің осы түрінің даму бағыттары;
жоғары тұрған органдардың басшылық материалдары, осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктер;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастырудың, жоспарлаудың және қаржыландырудың, жүргізудің және енгізудің белгіленген тәртібі;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, доктордың, ғылым кандидатының, философия докторының (PhD) немесе бейіні бойынша доктордың ғылыми дәрежесі (немесе дәрежесі), ғылыми еңбегінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстардағы өтілі кемінде 5 жыл болуға, ұйымның ғылыми зерттеу бөлімінің (зертхананың) меңгерушісі (бастығы) лауазымына және институттың ғылыми зерттеу бөлімінің (зертхананың) құрамына кіретін ғылыми зерттеу секторының (зертхананың) меңгерушісі (бастығы) лауазымына ғылыми дәрежесі жоқ, тиісті білім саласындағы жоғары білікті маман аталған жұмыс өтіліне ие мамандар 3 жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Ғылыми хатшы (А2-1)
Лауазымдық міндеттері:
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жинақ, перспективалық және жылдық жоспарлары бойынша ұсыныстар дайындауды басқарады, сонымен қоса ұйымның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ оларды бірлесіп жүргізген кезде өзге де ұйымдар орындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарларын үйлестіруді жүзеге асырады;
белгіленген тақырыптық жоспарлардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды және ұйым қызметі туралы жиынтық есептерді дайындауды ұйымдастырады;
ұйым жұмысының негізгі бағыттарын әзірлеу кезінде үйлестіруді, оның қызметінің тиімділігін арттырудың жоспарлары мен бағдарламаларын, еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды жақсартуды қамтамасыз етеді;
ғылыми және ғылыми-техникалық (техникалық) кеңестің жұмыс жоспарларының жобаларын дайындайды, олардың орындалуы мен кеңес қабылдаған шешімді жүзеге асыруды бақылайды;
диссертация қорғау мен ғылыми дәреже беруге байланысты материалдарды қарайды;
ғылыми еңбектерді басудың жоспарына ұсыныстар дайындайды, олардың рецензиялануын, сонымен қатар ғылыми конференциялар, мәжілістер, семинарлар мен пікір таластыруларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
қызметкерлерге аттестациялау жүргізуді, олардың жұмыстарын бағалаудың өлшемдері мен әдістерін әзірлеуді ұйымдастырады;
ұйым бөлімшелерінің ғылыми-көмекшілік қызметін үйлестіреді;
ғылыми кадрларды дайындау мен біліктіліктерін арттыру, ғылыми қызметкерлердің тағылымдамалары бойынша ұсыныстар дайындайды.
Білуге тиіс:
ұйым қызметінің бейіні бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері;
білімнің, ғылым мен техниканың тиісті салаларындағы ғылыми проблемалар;
ұйым қызметінің бейіні бойынша экономикалық қызмет түрінің даму бағыттары;
жоғары тұрған органдардың басшылық материалдары;
білімнің тиісті саласындағы отандық және шетелдік жетістіктер;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді, жоспарлауды және қаржыландыружды жүргізу және енгізу, ұйымдастыру, оларды патенттік-ақпараттық қамтамасыз етудің белгіленген тәртібі;
авторлық құқықтар мен патенттерді қорғау, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қолданыстағы ережелер;
ғылыми қызметкерлердің конкурстары мен аттестациялауының жүргізу тәртібі;
өзге ұйымдармен жұмысты бірлесіп орындаған кезде шарт қатынастарын ресімдеудің құқықтық мәселелері;
қызметкерлер еңбектерін ұйымдастыру мен ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді басқару;
іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі басшылық материалдар;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, доктордың немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбегінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстардағы өтілі 5 жылдан кем емес, ғылыми хатшының лауазымына ғылыми дәрежесі жоқ, білімнің тиісті саласындағы біліктілігі жоғары, аталған жұмыс өтіліне ие мамандар 3 жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Бас ғылыми қызметкер (В1-1)
Лауазымдық мiндеттерi:
іргелi және қолданбалы сипаттағы ең маңызды ғылыми проблемалар, оның iшiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша зерттеулердiң өткiзілуіне ғылыми басқаруды жүзеге асырады, және олардың өткiзуiнде тiкелей қатысады;
зерттеулер мен өңдеулердiң жаңа бағыттарын құрастырады, жұмыс бағдарламаларын құрастыруды ұйымдастырады, олардың өткiзілуінің амал әдiстерін анықтайды;
ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын құрастыруға қатысады, оларға тапсырылған тапсырмаларды өзге ұйымдармен бiрлесіп орындаған кезде қатысқан қоса орындаушылар қызметін үйлестiредi;
ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, зияткерлік меншiгiнiң нарығын және тиiстi инфрақұрылымды дамыту үшін өз зерттеулерінің бағыты шеңберінде әртүрлi тұжырымдамалар, бағдарламалар, заңдар, әлеуметтiк-экономикалық реформаның жүйелiк-ғылыми негiздерiнiң жобаларын, өңірлерді дамытудың кешенді бағдарламаларын, нормативтiк құқықтық базаларды әзірлеуге қатысады;
бiрлескен зерттеулердi өткiзуде, қосымша қаржыландыруды тарту мақсатында отандық және шетелдік әрiптестерді iздестiру бойынша бастамашылықтарды қолдайды, жарыстар мен тендерлерге қатысу үшiн жобалық ұсыныстарды әзірлейді;
ғылыми-техникалық табыстар мен идеялар нарығында маркетинг зерттеуiн өткiзедi және жаңа технологиялар мен жобалардың, авторлық және зияткерлік меншік құқығын қорғауға қатысты мәселелерді меңгере және уақытында шеше отырып, мүдделi тұтынушыларға өз идеялары мен табыстарын сату шараларын қабылдайды;
алынатын нәтижелердi қорытады, аяқталған зерттеулер мен әзірлемелердің ғылыми-зерттеу сараптамасын өткiзедi;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiнiң қолданылу аясын анықтайды және бұл нәтижелердiң практикалық іске асуын ғылыми басқаруды қамтамасыз етедi;
тиiстi бiлiм саласында ғылыми кадрлар дайындау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады.
Бiлуге тиiс:
ғылым және техника бағыттарындағы ғылыми проблемалар;
экономикалық қызмет түрiнiң даму бағыттары;
жоғары тұрған және өзге органдардың басшылық материалдары;
осы сұрақтар бойынша отандық және шетел жетістіктер;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді (бағалау, патенттік ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми техникалық құжаттама шығарылымын) енгiзудiң және өткізудің жаңа амал әдiстері, құралдарын және жоспарлау практикасы;
маркетинг, ғылым туралы заңнама;
еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылым докторының ғылыми дәрежесi, жаңалықтарды ашудағы дипломның және авторлық куәлiк қағаздарының немесе ірi ғылыми еңбектердің және iс жүзiнде жүзеге асырылған нәтижелердің бар болуы, тиiстi білім саласында ғылыми беделі.
Жетекші ғылыми қызметкер (В1-2)
Лауазымдық мiндеттерi:
ғылым мен техниканың жекелеген проблемалары (тақырыптары, тапсырмалары) бойынша зерттеулер жүргізуге ғылыми басшылықты жүзеге асырады және олармен айналысатын қызметкерлер тобын басқарады немесе жекелеген тапсырмалардың, ғылыми-техникалық бағдарламалардың жауапты орындаушысы болып табылады;
зерттеу жұмыстары мен әзірлемелерді өткізу әдістерінің анағұрлым күрделі проблемалары бойынша ғылыми-техникалық шешімдер әзірлейді, оларға қажетті қаражатты таңдайды;
жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттары мен олардың орындалу әдістерін дәлелдейді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына енгізу үшін ұсыныстар енгізеді;
жұмыс бағдарламаларын құрастыруды ұйымдастырады, тапсырмаларды өзге ұйымдармен бірлесіп орындаған кезде қоса атқарушылар қызметін үйлестіреді, алынған нәтижелерді жинақтайды;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін қолдану саласын анықтайды және осы нәтижелердің практикалық іске асуын ұйымдастырады;
ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асырады және олардың біліктілігін арттыруға қатысады.
Бiлуге тиiс: білім, ғылым және техниканың тиісті саласы бойынша ғылыми проблемалар;
экономикалық қызмет түрін дамыту бағыттары;
жоғары тұрған және өзге де органдардың басшылық материалдары;
осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктер;
ұйымның жаңа әдістері, жоспарлау құралдары мен практикасы, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді (бағалау, патенттік ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми техникалық құжаттаманың шығарылымын) өткізу мен енгізу, ғылым туралы заңнама;
экономика, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, докторлық немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесiнің болуы, ғылыми еңбектердің немесе жаңалық ашуға авторлық куәлiк қағаздарының, сондай-ақ практикада жүзеге асырылған ірі жобалар мен әзірлемелердің болуы.
Аға ғылыми қызметкер (В1-3)
Лауазымдық мiндеттерi:
дербес тақырыптарды және де оған қатысты тақырыптар бөлімі болып табылатын (бөлiм, кезең) әзірлемелерді зерттеуде қызметкерлер тобын ғылыми басқаруды жүзеге асырады немесе өте күрделi және жауапты жұмыстардың орындаушысы сияқты ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді өткiзедi;
зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің жоспарлар мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлейді;
тақырып бойынша ғылыми-техникалық мәлiметтерді жинау мен меңгеруді ұйымдастырады, тәжірибелер мен бақылаулардың нәтижелерiн талдау мен ғылыми мәлiметтердің теориялық қорытындысын өткізеді;
оның басшылығымен жұмыс істейтін қызметкерлер алған нәтижелердің дұрыстығын тексереді;
кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға қатысады;
өткiзiлген зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiн енгiзедi.
Бiлуге тиiс:
өткiзiлетiн зерттеулер және әзірлемелердің тақырыбы бойынша ғылыми проблемалар;
тиiстi экономикалық қызмет түрлерi бойынша басшылық ететін материалдар, осы сұрақтар бойынша отандық және шетелдік мәлiметтер;
зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылауларды жүргізудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын пайдалана отырып, заманауи әдістері мен құралдары;
тиiстi экономикалық қызмет түрiнiң экономикасы;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және тиiстi мамандығы бойынша кемiнде 10 жыл жұмыс тәжiрибесi, өнертабыстағы ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда – жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Ғылыми қызметкер (В1-4)
Лауазымдық мiндеттерi:
жауапты орындаушы ретiнде тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер және әзірлемелер өткiзедi немесе ғылыми жетекшiмен бiрлесiп күрделi тәжiрибелер мен бақылауларды жүзеге асырады;
алдыңғы қатарлы отандық және шетел тәжiрибесiн, бақылаулар мен тәжiрибелер нәтижелерін, ғылыми-техникалық мәлiметтерін жинайды, өңдейді, талдайды, қорытындылайды;
олардың нәтижелерiн қолдану бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің жоспары мен әдiстемелiк бағдарламаларын, практикалық ұсыныстарды құрастыруға қатысады;
тақырып немесе оның бөлiмi (кезең, тапсырма) бойынша есептер (есеп бөлiмдерi) жасайды;
зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiн енгiзуге қатысады.
Бiлуге тиiс:
өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндетері;
осы зерттеулер және өңдеулер туралы отандық және шетелдік мәлiметтер;
зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты қорыту мен өңдеудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып, заманауи әдістері мен құралдары;
ғылым туралы заңнама негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 5 жыл, өнертабыс пен ғылыми еңбектерге авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Кіші ғылыми қызметкер (В1-5)
Лауазымдық мiндеттерi:
бекiтiлген әдiстемелерге сәйкес тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдер, тапсырмалар) бойынша ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді жүргізеді;
тәжiрибелердiң орындалуларында қатысады, бақылау және өлшем өткiзедi, олардың сипаттамасын құрайды және қорытындылар қалыптастырады;
зерттелетін тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді;
тақырып немесе оның бөлiмi (кезең, тапсырма)бойынша есептер (есеп бөлiмдерi) жасайды;
зерттеулер мен өңдеулердiң нәтижелерiн енгiзуге қатысады.
Бiлуге тиiс:
өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндетері;
осы зерттеулер және әзірлемелер туралы отандық және шетелдік ақпараттар;
зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты қорыту мен өңдеудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып, заманауи әдістері мен құралдары;
ғылым туралы заңнама негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемiнде 3 жыл, ғылыми дәрежесі болған, докторантураны тамамдаған және тағылымдамадан өткен жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды, жоғары оқу орындарының кеңестерiнен (факультеттер) ұсыныс болған айрықша жағдайда кiшi ғылыми қызметкердiң қызметiне жоғары оқу орнында оқу мерзiмі уақытында жұмыс iстеу тәжiрибесін алған бiтiрушiлер (магистратура) тағайындала алады.
Редактор (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
музейдің, музей-қорықтың ғылыми және әдістемелік әдебиеттерін, сондай-ақ ақпараттық материалдарын редакциялауды ұйымдастырады, әдебиеттерді олардың нарықтағы сұранысын ескере отырып, басып шығарудың перспективалық және жылдық тақырыптық жоспарларының жобаларын, редакциялық-дайындық жұмыстарының жоспарларын және басылымдардың редакциялық және өндірістік үдерістерінің кестелерін жасауға басшылық етеді;
қолжазбаларды ұсынудың, оларды теруге тапсырудың, корректура баспа-таңбасын өңдеудің және әдебиетті жарыққа шығарудың бекітілген мерзімінің сақталуын, сондай-ақ басылымдардың ғылыми және әдеби мазмұны, олардың полиграфиялық орындалуының сапасын қамтамасыз етеді;
авторлармен баспа шарттарын және сыртқы редакторлармен, рецензенттермен, суретшілермен және музей әдебиетін басып шығару бойынша атқарылатын жұмыстарға тартылатын тұлғалармен еңбек шарттарын (контрактілерді) жасасуға арналған материалдарды дайындайды, олардың орындалған жұмыстары үшін есеп айырысу бойынша құжаттарды рәсімдеуге қатысады;
қолжазбалармен жұмыс барысында көмек көрсету мақсатында авторлардың кеңес жүргізулерін ұйымдастырады, түскен қолжазбаларды қабылдайды, оларды рәсімдеудің баспалық шарттарға сәйкестігін тексереді, қолжазбаларды рецензиялауға және редакциялауға жібереді;
автордың келісім шарттарын орындаумен байланысты мәселелерді, редакторлардың қолжазбалар жөніндегі қорытындыларын қарайды және оларды басып шығаруды мақұлдау немесе қабылдамау туралы шешімдерді қабылдайды, авторлар мен редакторлар арасындағы келіспеушіліктерді шешеді, музей, музей-қорық редакторларының біркелкі және бірқалыпты жүктелуін қамтамасыз етеді, олардың арасында жұмыстарды бөледі және музейлік басылымдарды редакциялаудың мерзімін бекітеді;
басылымдардың өндіріске, басуға жіберілуіне қол қояды, бөлімшелердің атқарылған жұмыстары туралы есебін жасайды.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
редакторлық және корректорлық жұмыстар әдістерін, қолжазбаларды өндіріске тапсыру, корректуралық баспа-таңбаларды баспаға әзірлеуді дайындауды, полиграфиялық өндірістің терминдерін, белгілері мен өлшем бірліктерін, технологиясын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Зертханашы (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
зерттеулер мен әзiрлеулер жүргізу кезінде зертханалық талдаулар, сынақтар, өлшеулер және жұмыстың басқа түрлерiн жүргiзедi;
зерттеулер барысында бекiтiлген жұмыс бағдарламасына сәйкес материалдар жинаyға және өңдеуге қатысады;
әдiстемелiк құжаттарға сәйкес талдаулар, сынақтар, өлшеулер нәтижелерiн өңдейдi, жүйелейді және ресiмдейдi;
олардың есебін жүргiзедi, белгіленген тапсырмаға сәйкес әдеби көздерден, реферативтiк және ақпараттық басылымдардан, нормативтік-техникалық құжаттамадан деректердi iрiктеп алады;
жүргiзiлетiн зерттеулерге және эксперименттерге байланысты есептеу және графикалық жұмыстарды орындайды;
орындалған жұмыстар жөнiндегi техникалық құжаттаманы жасаyға және ресімдеуге қатысады.
Бiлуге тиiс:
Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн;
жұмыстың мәніне қатысты басқарушылық, нормативтік және анықтамалық материалдарды;
талдаулар, сынақтар және зерттеудiң басқа да түрлерiн жүргiзу әдiстерiн;
әзiрленетiн техникалық құжаттамаға қолданылатын стандарттар мен техникалық шарттарды, оны ресiмдеу тәртiбiн;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен санаты жоқ зертханашы лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
Аудармашы (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және өзге арнайы әдебиетті, патенттік сипаттамаларды, нормативтік-техникалық және тауар алып жүру құжаттамаларын, шетелдік ұйымдармен хат алмасу материалдарын, сондай-ақ конференциялардың, мәжілістердің, семинарлардың материалдарын аударады;
аудармалардың түпнұсқасының лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкес келуін, пайдаланылған ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптарды сақтауды қамтамасыз ете отырып, ауызша және жазбаша, толық және қысқартылған аудармаларды белгіленген мерзімдерде орындайды;
аудармаларды редакциялауды жүзеге асырады;
шетел әдебиетінің және ғылыми-техникалық құжаттаманың аннотацияларын және рефераттарын дайындайды;
шетел материалдары бойынша тақырыптық шолулар жасауға қатысады;
терминдерді біріздендіру, экономиканың, ғылым мен техниканың тиісті салалары бойынша аудармалардың тақырыптары бойынша ұғымдар мен анықтамаларды жетілдіру, орындалған аудармаларды, аннотацияларды, рефераттарды есепке алу және жүйелеу бойынша жұмысты жүргізеді.
Білуге тиіс:
шет тілі, ғылыми-техникалық аударма әдістемесі;
аудармаларды үйлестірудің қолданыстағы жүйесі;
ұйым қызметінің мамандану;
қазақ (орыс) және шет тілдеріндегі аудармалардың тақырыбы бойынша терминология;
сөздіктер, терминологиялық стандарттар, жинақтар және анықтамалықтар;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санатсыз аудармашы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Кітапханашы (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
кітапхана үдерістерін орындайды: кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтау, каталогтарды және анықтамалық-библиографиялық аппарат элементтерін ұйымдастыру және пайдалану, автоматтандырылған мәліметтер қорын жүргізу және пайдалану, қорларды есепке алу, ұйымдастыру және сақтау, оқырмандарға қызмет көрсету, көпшілік жұмыс, көрнекі безендіру;
кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың іс-шаралар жоспарларын жасауға және жүзеге асыруға қатысады, кітап қорының сақталымын қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестелерін, оқырмандарды, кітап қорын толықтыруды, есепке алуды, сипаттама жасауды, кітап қорларын сақтауды ұйымдастыру және каталогтарды жүргізуді, оқырмандармен көпшілік және жеке жұмыс жасау түрлері мен әдістерін, баспа басылымдарын көрнекі насихаттауды, отандық және шетел кітапханаларының жұмыс тәжірибелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар, тілдер және әдебиет) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
Архивист (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
музейдің, музей-қорықтың негізгі есеп құжаттамасын рәсімдеуді, жүргізуді, сақтауды, есепке алуды, сақтандыру көшірмелерін жасауды жүзеге асырады;
жаңадан түскен музей заттары мен музей коллекцияларын тіркеуді қамтамасыз етеді;
қабылдап алу мен тұрақты және уақытша пайдалануға беру актілерін, ішкімузейлік актілерді және актілерді тіркеу кітаптарын рәсімдеуді жүзеге асырады;
музей заттарын сақтау қоры жөніндегі инвентарлық кітаптарда, арнайы инвентарлық кітаптарда, мұрағаттық тізімдемеде (инвентарлық кітап құқығымен) тіркеу мерзімін қадағалайды;
музейдің, музей-қорықтың электрондық мәліметтер қорының тиісті бөлімдерін жүргізеді;
музей заттарының бар-жоғын салыстырып тексеруге қатысады.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы, «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Инженер-электрик (С-2 )
Лауазымдық міндеттері:
электр жабдығының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар мен ресурстарды жоспарлауды жүзеге асырады;
электр жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарының (осы жұмысты мердігер ұйымдармен жүргізуді қоса алғанда) жоспарларын, кестелерін әзірлейді, тексереді және келіседі;
электр жабдығының жай-күйі, істен шығуға істелген жұмысы, электр жабдығының істен шығу саны бойынша талдау жүргізеді, өндірістік процестер мен қойма қорларын оңтайландыру мақсатында жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізеді;
жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық шарттарды жасайды;
электр жабдықтарын жеткізушіні таңдауды келісу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
жабдық бойынша электр схемаларының сәйкессіздігін жою және талдау жүргізу бойынша жұмыс топтарына қатысады;
электр жабдықтарын авариялық ажырату себептерін анықтау бойынша жұмыс топтарына қатысады және олардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша іс-шараларды әзірлейді;
мердігерлік ұйымдармен жабдықтарды жөндеуге шарт жасау үшін қажетті материалдарды дайындайды;
электр жабдықтарын күрделі және өзге жөндеулердің орындалуын (мердігерлік ұйымдармен осы жұмысты жүргізуді қоса алғанда) бақылауды жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
ақпараттық технологиялар саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, электр жабдықтарын пайдалану және жөндеу мәселелері бойынша әдістемелік және өзге де материалдар;
жабдықтың техникалық-пайдалану сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері, мақсаты және жұмыс режимі;
электр схемаларының технологиясы, электр шаруашылығын ұйымдастыру;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санатсыз инженер-электрик: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Инженер-энергетик (Энергетик) (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
энергетикалық жабдықтың, электрлік және жылу желілерінің, ауа құбырлары мен газ құбырларының үздіксіз жұмыс істеуін, дұрыс пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
өндірістің жылу энергетикалық ресурстарға қажеттілігін айқындайды, энергия шаруашылықтарын техникалық қайта жарақтандырудың, дамытудың, энергиямен жабдықтау жүйесін реконструкциялау мен жаңғыртудың қажетті негіздерін дайындайды;
энергия шаруашылығын пайдалануға қажетті жабдықты, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға арналған өтінімдерді жасайды, энергия ресурстарын үнемдеу, ұйым бөлімшелерінің электрге, жылуға және энергияның өзге түрлеріне қажеттіліктері бойынша іс-шаралардың қажетті негіздемелерін есептеуді орындайды, оларды жұмсау нормаларын, олардың энергияға қажеттіліктерін шығара отырып, ұйым бөлімшелерінің жұмыс режимін әзірлеуге қатысады;
жылу және энергияның өзге түрлерінің шығыс нормаларының сақталуын бақылайды;
энергия жүйесінің ең көп іске қосылу сағаттарында энергетикалық жүктемелерді төмендету кестесін жасайды және олардың ұйымның бөлімшесі үшін айқындалған мөлшері шегінде орындалуын қамтамасыз етеді, ұйымда орнатылған энергетикалық, электрлік және табиғатты қорғау құрылғыларын паспорттауды жүргізеді;
Білуге тиіс:
энергетика саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, энергетикалық жабдықтар мен коммуникацияларды пайдалану жөніндегі әдістемелік және өзге де материалдар;
энергетика шаруашылығын ұйымдастыру;
ұйымның техникалық даму перспективалары;
энергетикалық жабдықтың техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, жұмыс режимі және техникалық пайдалану тәртібі;
жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесі;
жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
санатсыз инженер-энергетик (энергетик): кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі
Ақпаратты қорғау жөніндегі инженер (С-2)
Лауазымдық міндеттері:
ақпаратты қорғаудың арнайы техникалық және бағдарламалық-математикалық құралдарын жобалау және енгізу, ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастыру және техникалық шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізеді;
қойылған міндет шегінде ең орынды практикалық шешімдерді табу және таңдау мақсатында зерттеулер жүргізеді;
ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары және әдістері бойынша техникалық әдебиетті, нормативтік және әдістемелік материалдарды іріктеуді, зерттеу және жалпылауды жүзеге асырады;
техникалық тапсырмаларды, ақпаратты техникалық қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу жоспарлары мен кестелерін қарауға, қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;
есептеу әдістемелері мен ақпаратты техникалық қорғау бойынша эксперименталдық зерттеулердің бағдарламаларын құрастырады, әзірленген әдістемелерге және бағдарламаларға сәйкес есептеулер жүргізеді;
зерттеулер мен сынақтардың деректерін салыстырмалы талдауды жүргізеді, ақпарат жария болып қалуы мүмкін көздер мен арналарды зерттейді;
ақпаратты қорғау жүйесін техникалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, ақпаратты қорғаудығ техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақпаратты қорғауды жетілдіру және тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындауға, ғылыми-техникалық есептердің бөлімдерін жазуға және ресімдеуге қатысады;
ақпаратты техникалық қорғау бойынша ақпараттық шолулар құрастырады;
Білуге тиіс:
ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;
ұйымның мамандануы және қызметінің ерекшеліктері;
ақпаратты алу, өңдеу және жіберу әдістері мен тәсілдері;
ақпаратты қорғауды техникалық қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-техникалық және өзге де арнайы әдебиеттер;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және І санатты ақпаратты қорғау жөніндегі техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Ескертпе
Лауазымдық айлықақы ҚР Үкіметінің Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы 2015 жыл 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты болады.