«Зергерлік өнер – ұлттық мұра» көрмесі ашылды

25 қазан — Республика күні. Осы айтулы мерекеге орай бүгін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы арнайы көрме ашты. Көрме «Зергерлік өнер – ұлттық мұра» деп аталады. Көрмеге ХVIII-ХIХ ғғ. тән 130-дан аса зергерлік бұйымдар, яғни музейлік жәдігерлер қойылады.
Көрмені музей-қорық директоры Мәулен Жарылқасынұлы Садықбеков сөз сөйлеп ашты.
Мәдени шараға жиналған көпшілік арнайы экскурсия тыңдап, көрмені тамашалады.
Шара аясында Түркістан қаласы қолөнер мектебінің оқытушысы, зергер-шебер Әбдірейм Сұлтанғали Темірұлы шеберлік өнерін көрсетті.
Көрменің мақсаты: дәстүрлі қазақ зергерлерінің қол өнер бұйымдарын және сол заттарға байланысты ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды насихаттау.
Көрме келушілерге бір ай бойы қызмет көрсететін болады.
Алдыңғы ақпарат

Әлихан Смайылов Қожа Ахмет Ясауи бабамызға зиярат етті

Келесі ақпарат

ҚАЗАН. VІІІ ғ.