ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында өз істеріне жауапкершілікпен қарап, адал қызмет ететін қызметкерлер аз емес. Кешегі өткен Халықаралық музейлер күні мен Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай музей-қорықтың бірқатар қызметкерлері министрлік, жергілікті әкімдік және кәсіпорын басшылығы тарапынан марапатталған болатын. Атап айтқанда: Е.Муташев пен Н.Аскарова Мәдениет және спорт министрлігінің төс белгісімен, Г.Жүзбаева мен С.Аянбаев министрліктің құрмет грамотасымен марапатталса, Б.Зұлпыхар, А.Бейсенова, А.Сәрсенбай, С.Эшановтар облыс әкімінің алғыс хатымен, Б.Набиева, С.Бегимбетов, С.Шерханов, Ф.Халтаевалар қала әкімінің алғыс хатымен, ал Р.Изтилеуова, А.Дүйсекеев, А.Бектемировтер музей-қорық директорының алғыс хатымен марапатталды. Ұжым жиналысында директор М.Садықбеков марапат иелерін құттықтап, марапаттарын табыс етті.

Алдыңғы ақпарат

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ — ҰЛТ ҰСТАЗЫ»

Келесі ақпарат

«БАЛҒЫН БАЛАЛЫҚ – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ»