Үздіктер марапатталды

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығында жыл қорытындысы бойынша ұжымның жалпы жиналысы өтіп, үздіктер марапатталды.
Марапатты музей-қорық директоры М.Садықбеков тапсырды.
Мәдениет және спорт министрлігінің шешімімен Н.Дүкенбаев, Г.Жүзбаева «Мәдениет саласының үздігі» атанса, А.Асанбеков пен Қ.Бөгенбаев Құрмет Грамотасын иеленді. Ал бірнеше әріптесіміз Түркістан қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олар: М.Искакова, Т.Жолдасов, Н.Тәжібаев, А.Мұсаев, С.Құттықожаев, Д.Қадірсізов, Б.Исаев, А.Әлжанов, Ә.Бектеміров. Марапат құтты болсын, құрметті әріптестер!
Кеше ғана басталған 2022 жыл да лезде өте шықты. Есік қағып тұрған жаңа 2023 жыл елімізге жақсылығымен келсін! Ел аман, мамыражай заман болсын!
Алдыңғы ақпарат

ӘДЕПТІ БӨЛШЕКТЕП САЛЫСТЫРУ

Келесі ақпарат

Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды