ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ

Өзбекәлі Жәнібеков — төрткүл дүниеге аты мәлім, түркі жұртының ортақ шаңырағы — Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның Санкт-Петербургтің Эрмитаж музейіндегі көрмеден елге оралғанша қаншама тар жол тайғақ кешуді бастан өткергені белгілі.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесін музей етіп құруда, Тайқазанды елге қайтарып, қайта орнына орнықтыруда сол кезде мәдениет саласында қызмет атқарған, белгілі қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф ғалым Өзбәкәлі Жәнібековтің сіңірген еңбегі орасан.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорында Жәнібеков есімімен байланысты біршама жәдігерлер бар. Олардың қатарында 1978 жылдан бастап қорық-мұражай қорына Өзбекәлі Жәнібеков Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұражайынан алдырып, өз қолымен табыстаған Қабіржапқыш, Қоңырат кілем, Шұғыла кілем, бөлме жиһазы (Асадалға ұқсас жасалған), кесене тарихы мен осы өңірдің тұрмыс-тіршілігіне, жағрафиясына қабысатын т.б. жәдігерлер бар.
Соңғы жылдары көз майын сарқып «Алтынай», «Адырна» фольклорлық ансамбль қызметкерлеріне ұлттық нақышта тіктірген көйлегі, немересі Әзелге Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай тіктірген қазақы көйлегі (1989 жыл), сондай-ақ тұтынған заттары жинақтала бастады.
Халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі музей ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібеков жайлы деректі фильмді назарларыңызға ұсынамыз.

Алдыңғы ақпарат

Қылауыз-Жақып ата

Келесі ақпарат

МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ