ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Д.Абаевтың халықаралық байланысты нығайту жөніндегі тапсырмасына сəйкес жəне Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) тиесілі Ислам тарихы, өнері жəне мəдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) Бас директоры Махмуд Эрол Кылычтың арнайы шақыруы бойынша «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени музей-қорығы» РМҚК директоры М.Ж.Садықбеков бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан аталған зерттеу орталығында болып, түркиялық əріптестердің жұмысымен танысты. Орталықтың реставрация бөлімінің басшысы доктор Алидост Ертуғрулмен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құздану мəселесін талқылады.
«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени музей-қорығы» РМҚК директоры М.Ж.Садықбеков пен Ислам тарихы, өнері жəне мəдениетін зерттеу орталығы (IRCICA) Бас директоры Махмуд Эрол Кылыч ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.
Алдыңғы ақпарат

«ТАРИХИ ТҮРКІСТАН» ҚЫЗЫЛОРДАДА

Келесі ақпарат

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ