МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ясауитану – 2026» республикалық байқауының облыстық іріктеу сайысы өтті

2026 жылдың 10 ақпан күні Түркістан қаласында М.Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектепте Түркістан облысы Білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Ясауитану – 2026» республикалық байқауының облыстық іріктеу сайысы өтті.

Байқау қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат тұтады.

Сайысқа Түркістан облысының барлық қала, аудандарынан 80 оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Музей-қорықтың Ғылыми зерттеу және үйлестіру бөлімінің басшысы Б.Байболов облыстық байқаудың қазылар алқасының төрағасы болып бекітілсе, кіші ғылыми қызметкер А.Тұрсынов байқаудың жүргізушісі болды.

Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде сайыскерлер Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметін» жатқа айтудан өзара мықтыны анықтап, нәтижесінде 34 оқушы үздік шығып, екінші кезеңге жолдама алды.

Екінші кезеңде сайыскерлер билетте жасырылған екі сұраққа жауап беруден сайысты. Екінші кезеңнен жоғары ұпай жинаған 11 оқушы үшінші кезеңге жолдама алды.

Үшінші кезеңде қатысушыларға хикметтегі тірек сөздерінен сұрақтар қойылды. Бұл сында оқушылар хикметтегі тірек сөздердің мән-мағынасын, шумақтарын толық айтып шықты. Тірек сөздерге түгел жауап берген оқушылар жоғары ұпайға ие болды.

Мектеп оқушылары арасында «Ясауитану – 2026» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша, үш кезеңнен жоғары 125 ұпай жинағандар:

  • Түркістан облысы, Келес ауданы, А.Оразбаева атындағы №35 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Ш.Нұрділла;
  • Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы А.Мамедова;
  • Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, «Нұрлы жол» атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Ж.Тәукебай;
  • Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы А.Нұрлыбай;
  • Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қосқорған жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы М.Пулатов;
  • Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы А.Есбергенова республикалық байқауға жолдама алды.

Түркістан облысынан оза шапқан оқушылар 2026 жылдың 23-24 сәуірінде Түркістан қаласында өтетін дәстүрлі «Ясауитану – 2026» республикалық байқауында облыстың намысын қорғайтын болады.

 

 

 

 

Берік Байбол, Ғылыми зерттеу және үйлестіру бөлімінің басшысы.

Алдыңғы ақпарат

«Жария зикрі мен сама‘ны негіздеу бойынша пәтуалар жинағына» алғы сөз

Келесі ақпарат

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У