30 жылға жуық дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ясауитану – 2026» республикалық байқауы 23–24 сәуір күндері киелі Түркістан қаласында өтеді. Аталған білім бәйгесіне Қазақстанның 17 облысынан, республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ ерекше мәртебеге ие Түркістан қаласынан іріктеуден өткен дарынды оқушылар қатысып, өз білімдері мен ғылыми ізденістерін ортаға салады.
Байқауға қатысушыларға арналған барлық қажетті ақпарат: «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Azretsultan.kz ресми сайтында орналастырылған.
Сайтқа кіріп, «Ғылыми жұмыстар» → «Ясауитану – 2026» бөлімін таңдау арқылы:
- байқау ережесімен,
- сұрақтар тізімімен,
- Қожа Ахмет Ясауидің 40 хикметімен,
- ұлы ойшылға қатысты аңыз-әфсаналармен танысып, жүктеп ала аласыздар.
Сонымен қатар, төмендегі сілтемеге кіріп, толық ақпаратпен таныса аласыз: https://azretsultan.kz/category/yasauitanu/
Құрметті оқырман!
Егер «Ясауитану – 2026» республикалық байқауына қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады:
+7 777 556 73 05, +7 708 969 77 73
Берік Байбол, Ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы.








