МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ясауитану-2024» — ХИКМЕТ ҚАЛЫҚТАҒАН КҮН

Кеше Түркістан аспанында Ұлы Баба Құл Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері қалықтаған күн болды. Он жеті өңірден келген 76 қатысушының деңгейі өте жоғары екендігін «Ясауитану-2024» байқауы анық көрсетті.
Жеңімпаздарды анықтау үшін екінші кезеңге шыққан оқушылардың тең нәтиже көрсеткендерін қазылар алқасы қайтадан хикметті жатқа айтудан сайыстырды. Нағыз «Сен тұр, мен айтайынды» көрген көрермендер ерекше тебіренді. Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені (300 000 теңге) Түркістан облыстық құрамасының мүшесі А.Атахан жеңіп алды.
🔹Бірінші және екінші орын иелерін анықтау өте қиынға соқты. Ұпайлары тең үш оқушыны қазылар алқасы хикметті жатқа айтудан сайыстырды. Алайда үш өңірден келген өрендердің ешқайсысы сүрінбеді. Шатаспады, мүдірмеді, мықтылығын танытты. Нәтижесінде қазылар алқасы өзара кеңесіп, бірінші орынды (200 000 теңге) Алматы облысынан келген Г.Ришат, қызылордалық Т.Көпжасар, алматылық Н.Сартайға беру туралы ұйғарымға келді. Сонымен қатар, осы бірінші орын алған үш жүлдегер Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетіне тегін оқуға түсуге арналған квотаны қоса иемденді.
🔹Сайыстың жүлделі үшінші орыны (75 000 теңге) түркістандық Х.Оразбек, Ш.Ертай және жетісулық Қ.Жәнәбілге бұйырды. Ынталандыру сыйлығы (50 000 теңгеден) жамбылдық А.Мейрамханқызы, Алматы облысынан А.Тұрлыбек, Түркістан облысынан Х.Рахымбекова, О.Абдукадирова, Ғ.Насырхан, Шымкент қаласынан К.Рахман, Түркістан қаласынан Н.Қасым, Жетісудан Ф.Сейсен, қызылордалық Г.Сағынтай, Шығыс Қазақстан облысынан Ж.Қалимолдаға бұйырды. «Көрермен көзайымы» номинациясы (50 000 теңгеден) Түркістан облысының қатысушысы Ұ.Нартайға, алматылық Б.Исламға бұйырды. Қалған қатысушылар мен жас өрендердің томағасын сыпырып, сайысқа баптаған ұстаздар қауымына да арнайы мақтау қағаздары мен музей- қорықтың баспа өнімдері табыс етілді.
Берік БАЙБОЛ, бөлім басшысы.
Алдыңғы ақпарат

ЯСАУИТАНУ БАЙҚАУЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Келесі ақпарат

МУЗЕЙ ҚОРЫ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ