Тоғызқұмалақ, асық атудан сайысы өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК  Наурыз айы «Мәдениет айы» болып жариялануына байланысты және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 31 наурызында  ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген ұлттық ойындары бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жоба аясында қаладағы мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақ, асық ату сайысынан жарыс өткізді.

Сайысқа Түркістан қалалық Адами капиталды дамыту бөліміне қарасты бүкіл мектептерден және «Балалар мен жасөспірімдер орталығында» тоғызқұмалақ, асық ату үйірмесінің оқушылары өзара сайысқа түсті.

Сайыстың мақсаты —  елімізде бұқаралық спортты кеңінен насихаттау арқылы асық ату, тоғызқұмалақ ойынын балалардың бойына халқымыздың бай мәдени мұрасына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Ереже бойынша асық ату сайысына  3-7 сынып оқушылары, тоғызқұмалақ сайысына 3-10 сынып оқушылары қатысып өзара мықтыны анықтады.

Асық ату сайысы бойынша 1 орынды Темірхан Ердәулет  иемденді, 2 орынды Жаңабек Бақкелді, Әбдірахман Иманғали  иемденсе, жүлделі 3 орынды Бағланұлы Асылбек, Шекербай Нұртас, Ешпек Саян  иемденді.

Тоғызқұмалақ сайысы бойынша 1 орынды Қоқыш Бекжігіт иемденді, 2 орынды Жүсіпәлі Марғұлан, Ергенбайқызы Ақерке иемденсе, жүлделі 3 орынды Әбсаттар Нұрай, Ислам Нұрбекқожа, Дүйсенбек Інжу иемденді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және төрешілерді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы марапаттап, ақшалай сый-сияпаттар жасап, қорық-музейдің баспа өнімдері мен алғыс хаттарын табыс етті.

Алдыңғы ақпарат

Түргеш қағанатының монетасы

Келесі ақпарат

Итке айналған қос уәзір