МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ТҮРКІСТАНДА «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАЛАРЫ» КӨРМЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАЛАРЫ» КӨРМЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласында облыстық «Фараб» кітапханасында 25 қазан – Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркі әлемінің рухани тарихында айрықша орны бар ұлы ойшыл, ақын және сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауидің мұрасына арналған «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» атты кітап көрмесі өтті.
Көрме Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын, «Диуани хикмет» мұрасын, Ясауия дәстүрінің қалыптасуы мен таралуын, сондай-ақ Ясауи мұрасының түркі халықтарының рухани-мәдени өміріндегі орнын кеңінен таныстыруға бағытталған.
Бірнеше тақырыптық бағыт ұсынылған кітап көрмесінен келушілер Қожа Ахмет Ясауиге, оның ілімі мен шығармашылығына арналған ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдармен, монографиялармен, мақалалар жинақтарымен, зерттеулермен, аударма еңбектермен және сирек кітаптармен танысты.
Көрменің маңызды бөлігінің бірі сирек кітаптар мен құнды басылымдар. Олар Ясауи мұрасының ғасырлар бойы сақталып, зерттеліп, ұрпақтан ұрпаққа жету тарихын көрсетуге мүмкіндік береді.
«Қожа Ахмет Ясауи мұралары» атты кітап көрмесінің ерекшелігі халықаралық конференция аясында ұйымдастырылды. Көрмені Қазақстанның белгілі ясауитанушы ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, дінтанушылар, мәдениет және музей саласының мамандары, сондай-ақ шетелдік ясауитанушы ғалымдар мен зерттеушілер, халықаралық ғылыми және мәдени ұйымдардың өкілдері тамашалады. Шетелдік қонақтар қатарында Ясауи мұрасын зерттеп жүрген Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттердің ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарының өкілдері бар. Бұл ретте көрме тек кітап экспозициясы ғана емес, отандық және халықаралық Ясауитану ғылымының өкілдерін бір алаңға тоғыстыратын ғылыми-мәдени кездесу деңгейінде өтті.
Кітап көрмесі Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеу, сақтау, насихаттау және халықаралық ғылыми кеңістікке таныстыру бағытындағы жұмыстардың жалғасы болып табылады. Көрмеге 200-ден аса адам қатысты.

 

Алдыңғы ақпарат

«Туған өлке тағылымы» жас зерттеушілердің II аймақтық ғылыми конференциясы өтті

Келесі ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ