«Шырақ болып парлаған….» көрмесі Астана төрінде

2022 жылдың 9 желтоқсан күні Ел Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы Астана қаласында Ұлттық музейінде «Шырақ болып парлаған…» атты көрмесінің тұсауын кесті. Көрменің ашылуына Мәдениет комитетінің төрағасы Р.Кәрібжанова, ҚР Парламент Сенатының депутаты Ә.Бектаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Құдайберген, Мысыр елінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Муртада Мохаммед Мухсин, ғалымдар мен арнайы қонақтар қатысты. Көрмеде сөз алған Мәдениет комитетінің төрағасы Р.Кәрібжанова игі шараның маңыздылығына тоқталып, мұндай ауқымды жұмыстарды шет мемлекеттерде жалғастыру қажеттілігіне тоқталса, сенатор Ә.Бектаев Ясауи мұрасының қоғамдағы рөлінің маңыздылығына, шетел асқан мұраларды елге қайтару жағына көңіл бөлетін уақыттың жеткендігіне айрықша тоқталды. Сөз соңында көрме жұмысына сәттілік тіледі. Арнайы рухани керуенді бастап барған музей-қорық директоры М.Садықбеков көрменің бүгінгі қоғам үшін маңыздылығының жоғары екендігін, алдағы уақытта үлкен көрмелерді бірлесіп атқаруға шақырды. Астаналық әріптестерге риясыз алғысын білдіріп, музей-қорықтың баспа өнімдерін сыйға тартты. Көрмеге келген қонақтарға шеберлік сағатын көрсеткен түркістандық ұста-шебері Қ.Тасовқа көпшілік дән риза болды. Шебер дүйім жұртқа шырағданның жасалу технологиясын егжей-тегжей түсіндірді. Одан әрі қонақтар көрменің экскурсиясын тыңдап, рухани сусындап, ортағасырлық мұраларға қатысты сұрақтарына жауап тауып, қасиетті Түркістанның тәбәрік мұраларын тамашалап, көтеріңкі көңіл- күймен тарқасты.
Алдыңғы ақпарат

«Айбоз» тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Келесі ақпарат

Отырар ежелгі қалашығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды