МАҢЫЗДЫ :

nothing found

САУРАНДА КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ӨТТІ

Бүгін Сауран ауданы, Шорнақ елді мекені Қ.Рысбеков атындағы № 5 негізгі орта мектеп-интернатында «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – сәулет өнерінің үздік үлгісі» тақырыбында жылжымалы көрмесі өтті.
Көрме экспозициясына музей қорында сақталған Қазақ хандарының хаттары, Түркістанда жерленген тұлғаларға қатысты кітаптар, ХІХ ғасырдағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің және Әмір Темірдің кесенеге сыйға берген тайқазан, есіктер, шырағдандар, лауха жәдігерлерінің фотосуреттері дүйім жұртқа ұсынылды. Сонымен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштің ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей үлгісі әрі тарихи тұлғалардың пантеоны ретіндегі қызметі баяндалды.
Көрмені мектеп-интернаттың ұстаздары, оқушылары және «Жаңа әлемдегі – жаңа тарих: оқытудың қазіргі заман технологиясы» семинарына арнайы келген қатысушылары да тамашалады.
Шара соңында көрмені тамашалаушылар музей қызметкерлеріне өздерін қызықтырған жәдігерліктер бойынша сұрақтарын қойып, ұйымдастырушылар тарапынан нақты жауаптар берілді.
Алдыңғы ақпарат

«БОТАЙ — ҰЛЫ ДАЛА МӘДЕНИЕТІ»

Келесі ақпарат

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ