Профессор Нұрлан Кенжеахмет қасиетті Түркістанға келген сапары

Әлемге әйгілі қандасымыз, бүгінде АҚШ-тағы Гарвард университетінде қызмет ететін тарихшы ғалым, профессор Нұрлан Кенжеахмет қасиетті Түркістанға келген сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесіне арнайы атбасын бұрып, Әзірет Сұлтанға зиярат етті. Зияраттан соң «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры Мәулен Садықбековпен бірге музейді аралап, экспозициялармен танысып, өз пікірлерін айтып, ой бөлісті.
Нұрлан Кенжеахмет соңғы 9 жылда Германияда тұрып Қазақстан тарихына қатысты зерттеулермен айналысқан. Ал 2021 жылдан бастап АҚШ-тағы Гарвард университетінде Еуразияның тарихи географиясын сызуға атсалысып жүр. Ғалымның зерттеуіне XVII-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығының географиялық жер атаулары да кіреді.

Алдыңғы ақпарат

18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Келесі ақпарат

Сәрсенбай ақсақалдың сапарының 22 күні Түркістан қаласына келді