Пайғамбарлар қиссасы

Кітап. КК 3404 «Қиссасул Анбия би Турки»  «Пайғамбарлар қиссасы», Түркі тілінде жазылған. 1-398 бет.

Бұл кітапта Аллаһ өзінің нұрынан Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбарымыздың рухын жаратқандығы айтылған. Барлық пайғамбарларды есімдерімен атаса, Оны яғни Мұхаммед (с.а.у) ті сүйіктім (хабибім) деп атаған. Хақ тағала бір аятта «Сені әлемдерге рақымдылық етіп жібердік» (Әнбия сүресі, 107 аят ) және бір құдси хадисте «Сен болмағанда, еш нәрсені жаратпас едім» деген.  Әрбір пайғамбар өз заманында, өз мекенінде, өз қауымынан барлық тұрғыдан жоғары тұрады. Ал, Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.а.у) болса, дүние жаратылған күннен қияметке дейін барлық кезеңде, барлық жерде, келген-кеткен және келетін барлық болмыстардың ең қадірлісі, ең үстемі болады. Ешкім ешқандай тұрғыдан Одан жоғары бола алмайды. Хақ тағала Оны солай жаратқан.

Киелі нұрының жаратылуы

Аллаһ Тағала ешнәрсе жаратпастан бұрын Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) киелі нұрын жаратты. Тәфсир және хадис ғалымдарының көпшілігі «Хақ Тағала өз нұрынан әсемдік пен бір негіз жаратып, одан бүкіл жаратылысты кезегімен пайда еткізді. Бұл нәрсе  «Нұр-ул-Мухаммади» — Мұхаммед (с.а.у) — нің нұры деп аталады. Барлық рух пен дененің бастауы мен шығу көзі осы негіз болып табылады» дейді.

Сахабалардан  Жабир бин Абдуллаһ бір күні «Йа, Расулаллаһ! Аллаһу Та’ала ең әуелі нені жаратты?» деп сұрағанда «Бәрінен бұрын сенің пайғамбарыңның, яғни Менің нұрымды өз нұрынан жаратты. Ол кезде жұмақ, тозақ, періште, көктер мен жындар жоқ болатын» дейді.

 Мұхаммедтің нұры Адам (с.а.у) жүрегі мен денесі жаратылғаннан кейін оның екі қасының арасына қонды. Адам (с.а.у) өзіне рух берілгеннен кейін маңдайында Шолпан жұлдызы сияқты жарқырап тұрған бір нұр бар екенін сезді. Адам (с.а.у) жаратылған кезінде Хақ Тағала оған «Әбу Мұхаммед, яғни Мұхаммедтің әкесі» дегенін жүрекпен түсініп, «Йа, Раббым! Маған неге Әбу Мұхаммед дедің?» деп сұрағанда Аллаһу Тағала: «Ей, Адам! Басыңды көтер» деді. Адам (с.а.у) басын көтеріп қараған кезде Пайғамбарымыз (с.а.у) — нің нұрдан жазылған «Ахмед» деген есімін көреді. Сонда «Йа, Раббым! Бұл кім?» деп сұрайды. Аллаһу Тағала «Бұл сенің тегіңнен шығатын бір пайғамбар. Оның есімі көктерде Ахмед, ал жерде Мұхаммед деген. Егер ол болмағанда сені жаратпас едім. Жер мен көкті де жаратпас едім» дейді.  Адамзаттың бастауы Адам атамыздан бергі адам баласының жаратылысы мен дамуы кемеліне келген кезде Оны жарық дүниеге шығарды.  Осыдан-ақ Оның әлемдегі орнын тануға болады. Адам баласы ретінде Оның өмір сүргендегі, іс-әрекетіндегі адалдығы мен шыншылдығы, жомарттығы мен кішіпейілдігі таңғаларлықтай

үлгі еді.

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды

Келесі ақпарат

Ресейлік ғалым «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне VIII ғасырға тән түргеш тиындарын табыстады