МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ӨМІРІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН АҢЫЗДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы «Музей педагогикасы» бөлімінің қызметкерлері қаламыздағы Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектебінде «Қожа Ахмет Ясауи өмірінен сыр шертетін аңыздар» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Аталған іс-шара мектептің тарих-география бірлестігінің «Тарихты білу – ұрпақ парызы» тақырыбындағы онкүндігі аясында өткізіліп, оған мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Сабақ барысында қатысушыларға Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы, оның рухани мұрасы және даналыққа толы хикметтері жайлы мазмұнды ақпарат берілді. Музей-қорықтың ғылыми қызметкері Әсем Орынбекова тарихи деректер мен халық аңыздарын үйлестіре отырып, Қожа Ахмет Ясауидің адамгершілік, кішіпейілділік, ізгілік жөніндегі өсиеттерін атап өтті.

Сондай-ақ, Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылысы туралы әңгімеленді. Кесененің алып порталдары, ерекше күмбезі, тарихи бөлмелері мен олардың рухани маңыздылығына музей-қорықтың ғылыми қызметкері Гүлмира Атабаева тоқталды.

Танымдық сабақтың соңында оқушылар алған білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап беріп, музей-қорық тарапынан кәдесыйлық кітапшаларға ие болды.

А. Салибекова, әдіскер.

Алдыңғы ақпарат

ХІІІ ғасырдағы монета беттеріндегі таңбалар

Келесі ақпарат

Йасауийа тариқаты және XVII ғасырдың Орталық Азиядағы парсы агиографияси: ‘Алим Шайх ‘Алийабади және оның «Ламахат мин нафахат алқудс» еңбегі