Орталық Азия елдерінің білім және ғылым вице-министрлері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді

Түркістан қаласында өткен «Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: аймақтық ынтымақтастық, ұлттық реформалар» атты Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің конференциясына қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келіп, бабалар рухына құран бағыштады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводы Данияр Сәдуақасов Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларының Білім және ғылым вице-министрлері мен еуропалық білім саласының өкілдеріне Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі қазандық, құдықхана, ортағасырлық кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, мешіт, асхана бөлмелерін таныстырды.

Алдыңғы ақпарат

Мəдениет комитетінің төрағасы тағайындалды

Келесі ақпарат

Адалбақан, ХХ ғ.