Әмір Темір сыйға тартқан лауха

Қожа Ахмет Ясауи қабірханасы алдында тұрған лауханы Әмір Темір сыйға тартқан.
Қоладан құйылған жәдігердің биіктігі- 96,7 см, салмағы — 5 кг. Лауханың сабы ағаштан жасалған. Жалпы ұзындығы 8 метрден асады.
Лауха ортасында өсімдік тектес оюмен өрнектелген жазулары бар. Жәдігер негізгі жапырақ формасындағы жалпақ бөліктен және сығылған шарға ұқсас екі белбеуі бар конус тәріздес төменгі бөліктен құралған.
Лауханың «А» бетінде:
«Бір Алладан басқа Құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін! Йә,Алла!»
«Алла!» және «Әбубәкір Сыдық. Омар Фаруқ»
Лауханың келесі бетінде:
«Бір Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі. Барлық хәлде Аллаға мадақ!»,, «Алла!», «Бұл әлемдегі шайхтардың басшысы, Хазрат Хақтың [Алла Тағаланың] досы, `Адам [Әзірет Әліден тараған ұрпақ], Шайх Ахмет Ясауидің ханақасының туы», «Мұхаммед, Әли Алланың берген нығметі!» деген жазулар бар.
Ал, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанды қоршай орналасқан он лауха жөнінде 1871-1872 жж. орыс саяхатшысы А.Л.Кунның альбомында және М.Е.Массон 1928 жылы Түркістанға арнайы келген сапарында: «Тайқазанның он құлағына жылқы қылымен ұшталған, кейбірі жарты ай секілді иіліп біткен, темірмен қапталған ұзын он лауха бекітілген» — деп жазады. 1935-1940 жылдары кесене қараусыз қалған тұста он лауха қолды болғандығы жайында деректер кездеседі. Ғалым П.Н.Ахмеровтің «Ахмет Ясауи мөрінің жазбасы» атты еңбегінде он лауһаларда және мөрде мұсылман әлеміне белгілі Ахмет есімімен әйгілі болған шайықтардың есімдері жазылғандығы айтылады.
2020 жылы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қолға алуымен Тайқазанның айналасындағы он лауха тарихи орнына қайта орналастырылды.
Бейнероликті әзірлеген: «Turkistan» телеарнасы
Алдыңғы ақпарат

Қолжазба «Аль фикх-уль Акбар»

Келесі ақпарат

«Біздің музей» жобасы аясында «Әзірет Сұлтан»қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлыменмен жүргізілген сұхбат