«Мәсләкул муттақин»

«Мәсләкул муттақин». (Тақуалар жолы) Софы Аллаярдың кітабы, 1870 жылы жазылған. Парсы тілінде. Өлшемі:25х16. Кітапты Ташкент облысы, Янгиюл қаласы Куйбышев көшесіндегі № 63 үй тұрғыны өткізген.

Софы Аллаяр 18 ғасырдың ортасында өмір сүрген. Ол түркі тіліндегі сопылық әдебиеттің бастамасын салған Қожа Ахмет Ясауидің дәстүрін жалғастырушы және  ислам дінін дәріптегенақын.

Бұл кітаптанамаз оқудың түрлерін, шарттары берілген. Мұсылман дініндегі барлық жол-жоралардың ең бір маңыздысы – намаз. Намаз сөзі араб тілінде «ас-салә», көпше түрі салауат  (парсыша намаз) исламның міндетті бес парызының бірі. Яғни «дұға ету» деген мағынаны білдіреді. Шариғатта намаз тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын ғибадат. Өйткені осы намаз арқылы әрбір мұсылман өз жүрегін тазалап, жаратушы иесіне жақындайды. Намазға ниет ету, намаздың уақыты кірген кезде Аллаға құлшылық қылу, қиямға (тіп-тік түрегеп) тұру. Намазда негізгі парыздардың бірі саналып, әр рәкәғатта Құраннан бір сүре оқылатындай уақыт тұруды қиям дейміз.

Алғашқы мұсылмандар құлшылық еткенде Алланың бірлігі мен ұлылығын дауыстап айтатын болған. Құранда намаз уақыты, оның бірқатар қимылдары, намаз ережелері тағы басқа сөз болғанымен құлшылық ету тәртібі айқын көрсетілмеген. Құлшылық етудің барша тәртібі Мұхаммед (с.а.у) тің намаз оқу қалпы мен қимылдарына еліктеуден, алғашқы мұсылмандардың естерінде қалған үлгілерден қалыптасқан деп есептеледі. Мұнымен қатар сүннет намаздары, мүстехаб (таңдаулы, ең көркем амал). Діни терминде Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздың кейде жасап, кейде жасамаған іс-әрекеттері. Кейбір нәпіл (қосымша) намаз бен оразалар осыған жатады. Аттахият дұғасының оқылуы берілген. Жамағатпен оқылатын намаз, қамат айту (парыз намазын атқаруға келген мұсылмандарды намазға тұрғызуға арналған зікір сөз), сәһу (жаңылысу) сәждесін жасау, бұл намазда жасалынған кейбір қателіктердің түзетіліп, намаздың дұрыс болуы үшін намаздың соңында жасалатын қосымша екі сәжде. Адам намазда жаңылысып намаздың бір парызын кешіктірсе, немесе артық істесе яки бір уәжіпті ұмытып тәрк етсе. Кешіктірсе намаздың ақырында қателесу сәждесін жасайды. Бұл сәждені жасайтын адам соңғы отырыста «әттәхият» дұғасын оқығаннан кейін екі жаққа сәлем беріп, қайта «Аллаһу акбар» деп екі рет сәждеге барып, қайта отырады. Одан кейін әрі қарай қайтадан «әт-тахият» дұғасы мен салауат «рәббәнә әтина» дұғасын оқып екі жаққа сәлем береді. Жалпы айтқанда ислам дініндегі намаздың қағида ережелері берілген.

Алдыңғы ақпарат

Гаухар ана кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығының құрылысы басталды

Келесі ақпарат

ЖӘҢГІР ХАН ЕСІМ ҰЛЫ