Мөлдір Әбдуәлиева мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі – баспасөз қызметінің жетекшісі қызметіне тағайындалды

Мөлдір Әбдуәлиева ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі — баспасөз қызметінің жетекшісі қызметіне тағайындалды.

Ол осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі болған.

2015 жылдың мамыр айынан 2018 жылғы мамырға дейін «Еуразия» бірінші республикалық телеарнасының продюсері болып қызмет істеген.

2018 жылдың мамырынан 2021 жылдың мамырына дейін Atameken Business республикалық телеарнасының тілшісі және жүргізушісі қызметін атқарған.

Алдыңғы ақпарат

Кісе белдік

Келесі ақпарат

Қылует жерасты мешіттерінің құрылуында ғар бөлмелерінің маңызы