Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесін лайықты аталып өтті

«Әзірет Сұлтан» музей- қорығы Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесін лайықты атап өтті. Мерекелік ақ дастарханда ұжым мүшелері мен музей-қорықтың барша ардагерлері бас қосты. Мерекеге жиналған көпшілікті музей директоры М.Садықбеков құттықтап, жүрекжарды тілегін айтты.
Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтап жатқан музей ұжымына, басшылығына ардагер ағалар мен апаларымыз ақ тілегін арнап, ақ батасын жаудырды. Көп болып еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын тілеп, бата жасалды.
«Әзірет Сұлтан» музей-қорығында қызмет еткен ардагерлердің бәріне алғыс айтылып, қаржылай сыйлық берілді.
Мерекелік жиында кішігірім лотерея ойнатылды. Ерекше ұлттық киім киіп, мерекенің ажарын кіргізген қызметкерлер марапатталды. Сондай-ақ қол күрес, арқан тарту, садақ ату, т.б.
қазақтың ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, оза шауып жүйрік шыққан қызметкерлерге арнайы сый-сияпаттар табысталды…
Жыл басы — Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, бақ-береке дарыған заман болсын!
Алдыңғы ақпарат

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматы мен Баку арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды

Келесі ақпарат

Елордада тұңғыш рет халықаралық жыршы — термешілер фестивалі өтті