Биыл еліміздің шежіресінде есімі алтын әріппен жазылған көптеген тарихи тұлғалардың мерейтойлары аталып өтілуде.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айында «Егемен Қазақстан» газетіне берген көлемді сұхбатында «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді» — деп, атап өткен болатын.
Осы орайда, бүгін «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалар» тақырыбында жылжымалы көрме өтті.
Көрме соңында ұстаздар мен оқушылар музей қызметкерлеріне көрме тақырыбы аясында сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Г. Атабаева, экскурсовод