«Әлемдік мәдени мұраларды қорғау, сақтау және басқару» тақырыбындағы конференция өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған «Әлемдік мәдени мұраларды қорғау, сақтау және басқару» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аяқталды. Бұдан бұрын айтқанымыздай конференцияға отандық және Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің тарих, реставрация, сәулет өнері, мәдениеттану салалары бойынша маман-ғалымдары, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, қорық және тарихи-өлкетану музейлері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Конференцияда ондаған баяндама жасалып, мәдени мұраларды қорғау, сақтау және басқару мәселелері бойынша құнды пікірлер ортаға салынды.
Халықаралық конференция отандық және шетелдік ғалымдардың, мамандардың жасаған баяндамалары негізінде арнайы қарар қабылдады.
Алдыңғы ақпарат

15 СӘУІР — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ КҮНІ

Келесі ақпарат

Альбом: Қазақстандағы жерасты мешіттері