• 01 Желтоқсан 2020

Үкаша ата кесенесі маңында терең ұңғымалы құдық қазылды

Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қарасты Үкаша ата кесенесі маңында терең ұңғымалы құдық қазылды.

Қасиетті жер аумағын көгалдандыру және толық мөлшерде сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған іске жеке кәсіпкер Беркінбаев Оңғарбек Мейірбекұлы демеушілік танытты.

Бұған дейін кесене аумағындағы ағаштар мен гүлдер шіліңгір шілдеде судан тапшылық көріп, арнайы су таситын техникалар арқылы тіршілік нәрімен қамтамасыз етілген болатын.

Алдағы уақытта Үкаша ата кесенесі жанында көптеген саялы ағаштар мен түрлі — түсті гүлдер егіп, көгалдандыру жұмыстары қолға алынады.

Алдыңғы ақпарат

Ақтоты Райымқұлова Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

Келесі ақпарат

Мəдениет жəне спорт министрлігі онлайндағы жұмысын жаңа форматта жалғастырады