КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ІСТЕР АУҚЫМДЫ

Түркістан аумағындағы алғашқы қалалық қоныстардың бірі — 27 гектар аумақты алып жатқан Күлтөбе қалашығын қайта қалпына келтіру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақ ғылыми — зерттеу мәдениет институты 2018 жылдан бері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесінде қоқан және қазақ хандығы тұсындағы үйлердің орындары, ХVІІ-ХІХғғ. тән қыш-құмыралар, басқа да түрлі құнды жәдігерлер анықталуда.

Қазіргі таңда көне қалашық цитаделінің ғибадатхана бөлігіндегі үстіңгі жабынының ескіруіне байланысты күн сәулесі мен жауыннан сақтайтын, көлемді жаңа материалдармен ауыстыру, сондай-ақ қалашық аумағында туристердің аралап, танысуына ыңғайлы галереялық жолдар салу жұмыстары жоспарлануда.

Айта кетсек, Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген кезеңнің рухын асқақтату мақсатында қолға алынған Түркістан қаласындағы Күлтөбе археологиясы және қосымша нысандар жұмысы 3 жылға жоспарланған.

Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан бастау алатын Қазақстандағы алғашқы сәулет құрылыстары бар Күлтөбе қалашығы бірқатар деректерде Күлтөбе Ясы (Асон) деп аталады. Алғаш рет Ясы атауы монғолдардың ұлы ханы Менгудің ордасына Қазақстанның оңтүстік аймағы арқылы сапар шеккен армян патшасы І Гетумның жолжазбасында кездеседі.

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тудың басы, «Лауха» ХIV ғ.

Келесі ақпарат

МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ ҚҰМАН-ҚҰМЫРАЛАР