Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері экскурсия жұмысымен танысты

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне оқу-таныстыру тәжірибесінен өтуге келді.

Болашақ кәсіби қызметінің негіздері және оның мақсаты мен міндеттерімен танысу, таңдаған кәсіптің ерекшеліктері туралы мәліметтер алу мақсатында экскурсия жүргізу жұмысымен танысқан студенттер қорық-музейге қарасты тарихи орындарды аралап, деректерін тыңдады.

Экскурсия барысында туристер және зияратшылармен жұмыс жүргізу, қызметтік этика, дұрыс қарым-қатынас орнату, біліктілік жайлы мәліметтер беріліп, тапсырмалар жүктелді.

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауидің Ақмола өңірімен рухани байланысы туралы тың деректер табылды

Келесі ақпарат

«Тәуелсіздік және Түркістан тарихы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция материалдары