• 01 Желтоқсан 2020

Гүлшара Әбдіқалықова «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін дамыту жұмыстарымен танысты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік жұмыс тобы Түркістан облысына жасаған сапары барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келді.

Үкіметтік жұмыс тобы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап, қорық-музейге қарасты 88,7 гектар аумақтағы 18 тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу, қайта қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және жобалармен танысты.

Қазіргі таңда, халықаралық сарапшылар ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау мәселелерін зерделеп жатқандығы белгілі. Осы орайда, Гүлшара Әбдіқалықова тарихи нысандарды сақтау, қалпына келтіру, қаланың Бас жоспарын бекітуде ескерілуі тиіс мәселелерді талдап, сараптау бойынша ЮНЕСКО сарапшыларымен пікір алмасты.

-«2003 жылы ЮНЕСКО тізіміне енгізілген бірегей сәулет ескерткіші Қазақстанның ең алғашқы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Түркістан қаласы кеңейтіліп, даму үстінде, ол Дүниежүзілік мәдени мұра нысаны орналасқан Қазақстан үшін тарихи маңызға ие.

Біздің барлық жұмыстарымыз еліміз және біздің ұрпақтарымыз үшін бірегей нысанды сақтауға бағытталған. Осыған байланысты қаланы дамыту кезінде тарихи мұраның визуалдығын сақтау қажеттігін ескеру қажет»,-деді Гүлшара Наушақызы.

Алдыңғы ақпарат

Арыстанбабтың кесенесі қалай тұрғызылған?!

Келесі ақпарат

«Жеті ата» қақпасына дейінгі магистралды көшеде археологиялық қазба жұмыстары басталды