МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қазақстандық музейлердің дамуына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық жетекші музейлер» өкілдерінің дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақстандық музей секторын дамытуға арналған стратегиялық ұсынымдар әзірлеу болды.

Жиынды ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің мәдениет жөніндегі маманы Филипп Деланг ашып, іс-шараның маңыздылығы мен басты міндеттеріне тоқталды.

Семинар жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің сарапшылары, ЮНЕСКО мамандары, отандық музей-қорықтар мен облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің өкілдері қатысты.

Мазмұнды жиынға «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директоры м.а. Нұрлан Дукенбаев қатысып, туристерге жасалған жағдайлар, жергілікті облыс әкімдігімен бірлесе отырып кесене аумағындағы газондарды алып тастау және мониторинг жұмыстарын жүргізу тәжірибелері жөнінде баяндама жасады.

Сондай-ақ, аталмыш семинарға музей-қорықтың тарихи ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімінің басшысы Асылхан Кәрім де қатысуда.

А. Әлібек, баспасөз хатшысы.

 

Алдыңғы ақпарат

Ясауи мұрасы үшін аса құнды жәдігерлердің таныстырылымы өтті

Келесі ақпарат

ХІІІ ғасырдағы монета беттеріндегі таңбалар