Қазақстанда 4 визит орталығы салынады – Асхат Оралов

Қазақстанда 4 визит орталығының құрылысы аяқталады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқасында министр Асхат Оралов мәлімдеді.

Жиын барысында «Ордабасы», «Сауран», «Сарайшық» және «Есік» визит орталықтарының салу жұмыстарын аяқтау туралы айтылды. Визит орталықтары заманауи стандарттар бойынша құрылып, саяхаттардың бастапқы нүктесіне айналып, азаматтардың ұйымдастырылған демалысын қалыптастырады. Сонымен қатар,  Астана қаласында «Бозоқ» ұлттық паркінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Алматыда Орталық мемлекеттік архив жанынан архив қоймасын салу біздің алдымызға қойылған тағы бір маңызды міндет. Орталық мемлекеттік архив қоймасын кеңейту – тарихи-мәдени мұраның бай қабатын сақтау және оған қосылу мүмкіндігі», – деп толықтырды Асхат Оралов.

Алдыңғы ақпарат

ПАҚЫРНАМА

Келесі ақпарат

2022 ЖЫЛЫ 7000 ТАРИХИ ҚҰЖАТ ШЕТЕЛДЕН ОТАНЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ — АСХАТ ОРАЛОВ