Асхат Оралов елордадағы «Жастар» театрына барды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов елордалық «Жастар» театры қойған «…Адасқан ұлыңды жазғыра көрме, Жаратқан!» атты спектакльдің премьерасына барды, сондай-ақ шығармашылық ұжыммен кездесті.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Ермек Аманшаев пен сценарист Нариман Төребаев жазған бұл пьеса ұрпақтар сабақтастығы, әке мен баланың өзара қарым-қатынасы және ата-аналардың өскелең ұрпақтың өміріндегі рөлі сияқты өзекті тақырыптарды қозғайды. Спектакльдің қоюшы-режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Елімізде театр өнерін дамыту — алдағы уақытта атқаратын жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. Біз отандық авторлардың қойылымдарының санын 600-ге дейін арттырып, театрды көрермендер үшін де, қазақстандық жас драматургтер үшін де қолжетімді еткіміз келеді. Өйткені, адамдардың театрға қызығушылығы жылдан жылға артып келеді.

Ал қашанда айтары бар, көрермендерге ой салатын премьералар қоғам үшін ерекше маңызға ие», — деді ол.

Алдыңғы ақпарат

TOП-5: Қазақстанның ең ерекше кітапханалары

Келесі ақпарат

«БЕРЕЛ ҚАЗЫНАЛАРЫ» КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ