Қала мектептерінде «Қайта оралған жәдігер» көрмесі жалғасын табуда

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Тайқазанның тарихи орнына оралғанына 30 жыл толуына орай «Қайта оралған жәдігер» атты фото кітап көрмесі жалғасын табуда.

Түркістан қаласындағы №19 жалпы орта мектебінде өткен көрмеге ұстаздар мен оқушылар қатысып, XIV ғасырдың жәдігерлерінің тарихымен танысты. Көрме аясында қорық-музейдің экскурсоводы Г. Жүзбаева «XV-XVI ғасырлардағы кесене мен қалалар» тақырыбында лекция оқыды.

Шара барысында жәдігерлер мен кітаптарға қатысты оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, қызықты пікірталасқа ұласты.

Алдыңғы ақпарат

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА АРНАЙЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Келесі ақпарат

Кесенеде жерленген Жауғаш батыр жайлы дәріс жүргізілді