«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Наурызнама» онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай көмекші мектеп-интернатына арнайы барып, балаларға қуаныш сыйлап, игі іс жасады.
Ізгілік пен мейірімділікке негізделген бұл шараның басты мақсаты – қоғамдағы жанашырлық пен қамқорлық мәдениетін дәріптеу, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету. Музей-қорық қызметкерлері балаларға сый-сияпат жасап, жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қайырымдылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Жақсылық жасау – жүректің ісі! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!









