Ақтоты Райымқұлова Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты  Рахметоллақызы Райымқұлова еліміздің ер-азаматтарын 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

«Құрметті ер-азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгіріп қызмет етіп»,- ел ертеңі жарқын болуына аянбай атсалысып келесіздер.

Алдағы уақытта да Тəуелсіз Қазақстанның айбарын асқақтатып, шаңырақтарыңыздың мызғымас тірегі болыңыздар.

Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, толайым табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»,- делінген құттықтау хатында.

Алдыңғы ақпарат

Сəкен Мұсайбеков Мəдениет жəне спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Келесі ақпарат

Жамбыл Артықбаев — Түркістанның отырықшылық мәдениеті