Ақтоты Райымқұлова архив саласының қызметкерлерін Халықаралық архив күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова архив саласының қызметкерлерін Халықаралық архив күнімен құттықтады.

«Құрметті архив саласының қызметкерлері!

Сіздерді Халықаралық архив күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Архив — ұзынсонар тарих жолында болған елеулі мезеттер мен сындарды сəттердегі оқиғаларды жадымызда жаңғыртуға себепкер құнды дүние.

Тұтас дәуірлердің куәсі болған осынау
мұраны сақтау, өңдеу және қоғам игілігіне пайдалану үшін көптеген қызметкерлер аянбай еңбек етіп жатыр. Осы ретте архив саласы мамандарын атқарып жүрген рөлі зор.

Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, қызметте толайым табыс, ортаймас несібе-дəулет тілеймін!»,-деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

Алдыңғы ақпарат

9-10 маусым күндері өтетін онлайн-лекциялардың бағдарламасы

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейіндегі тарихи — мәдени ескерткіштерге ғылыми реставрациялық жұмыстардың жүргізілуі (видео)