МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Музей құндылықтарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығына қарасты құнды жәдігерлерді тіркеу «Музей» АС Музей құндылықтарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде жүргізілетін болады.
2022 жылдың 20-21 сәуір күндері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қор сақтау және есепке алу, тарихи ескерткіштерді қорғау, ғылыми кітапхана және архив қызметкерлері музей құндылықтарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқу курсынан өтті. Қызметкерлер оқу барысында қор жәдігерлерін музейге қабылдау, есепке алу, жіктеу сондай-ақ архив, кітапхана құжаттарын есепке алу, тарихи обьектілер құжаттарын тіркеу бойынша оқу курсынан өтіп, сертификаттар алды.
Алдыңғы ақпарат

Сәрсенбай ақсақалдың сапарының 22 күні Түркістан қаласына келді

Келесі ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы сапармен TIKA басшылары келді