МАҢЫЗДЫ :

nothing found

АҚШ КОНГРЕССМЕНДЕРІ КЕЛДІ

Бүгін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығында Америка Құрама Штаттарының Конгресс депутаттары Томас Суози мен Джимми Панетта қонақта болды. Аталған конгрессмендер АҚШ конгресіне 2016 жылы демократтар партиясы атынан сайланған. Томас Суози Нью-Йорк сайлау округы бойынша АҚШ өкілі болса, Джимми Панетта Калифорния сайлау округы бойынша АҚШ өкілі. Мәртебелі қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Қазандық бөлмесі, Мешіт бөлмесі, Үлкен Ақсарай бөлмесімен және ондағы тарихи жәдігерлермен танысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің туризм дамыту болашағы мен мүмкіншіліктері туралы өз ойларымен бөлісті. Қонақтардың келесі саяхаты ортағасырлық Сауран қалашығында жалғасты.
Алдыңғы ақпарат

КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Келесі ақпарат

Итальяндықтар Түркістанда