МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қазақстанда голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесі шешілетін болады

Жақында Қазақстанда голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесі шешілетін болады

Кеше, 10 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаевтың төрағалығымен еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысты.

Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы — Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures-бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынуды жалғастырады.

Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар ҚР МСМ қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізуде. Тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ.

Келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысының басқа да егжей-тегжейі туралы қосымша хабарланады.

🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/339143?lang=kk

Алдыңғы ақпарат

Отырар  ауданында «Қасиетті Түркістан» көрмесі ашылды  

Келесі ақпарат

Министр мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеуге арналған кеңес өткізді