МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қылует жер асты мешіті

ХІІ-ХV-ХІХ ғғ. — республикалық мәртебеге ие ескерткіш. XII ғасырда салынып XX ғасырдың бірінші жартысына дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған, жартылай жер астында орналасқан ортағасырлық діни құрылыстардың бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстігінде 120 м қашықтықта орналасқан.

Ғалымдардың      айтуынша «Қылует» сөзі арабша «халуатун» яғни жекелену, оңашалану деген мағынадан   шығып,   Жаратушыға дүниеден бөлек,   оңаша   отырып құлшылық жасайтын орын деген мағына береді. Мұнда  негізінен ғұрыпты    құлшылықтың     біріне жататын «зікір» ғибадаты орындалатын болған. Қожа Ахмет Ясауи пайғамбар жасы 63-ке толғанда қылуетті арнайы салдырып, қалған өмірін осы жерде өткізгендігі зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі.

Бүгінгі видео лекциямызда Қылует жерасты мешітінің тарихына қатысты мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.

Алдыңғы ақпарат

Ясауитану ғылыми зерттеу саласы және оның басты проблемасы

Келесі ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУДАНДАРЫНДА «ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ ӨТТІ